Мойындамау

Таусылмайтын махаббат /
Оның біздің жұмысқа келіп орналасқанына көп уақыт бола да қойған жоқ. Адамды есінен адастыратындай көркем, айналасын өзіне баурап алатын қасиеті бар. Негізінде мен оны мақтағым келмейді. Ұнатпаймын…
Жұмыстағылар. Отырыс. Бұрын отырыстарға келе бермейтін кейбір жұмыстастарым пайда болған ба? Қалай? Бұл да әлгі қыздың құдіреті болар. «Жүрсеңдерші» — деп ертіп келмегені анық. Аяқ астынан әріптестері естеріне түсіп кеткен дейін бе? Хех… Олардың да бастары айналып кеткен ғой. Оларда осы қыз жүрген жерлерде жүргісі келеді. Иә… келмес бұрын аздап ұрттап алғам. Әйтпесе мен де соның бір жымиғанына бола күшіктей болып қаламын. Бұл қыз кім соншама? Күледі ғой. Не күлесің? Күлме!
Мына қонақ болып келген, енді танылып келе жатқан жас журналисттің де басын айналдырып жіберген – ау деймін. О, Әнуар мырза келді.
Әнуар: — Дастарханды жайнатып қойыпсыңдар, керемет!
Айсұлу: — Кел отырсаңшы. Мына дәмділерді Назым дайындап, әйтеуір, екеуміз барымызды салдық.
— Біздің Назымның қолынан келмейтіні жоқ. Бір өзі бар қызға татиды. Ол келгелі қыздар сәннен қалған киімдей болып, жігіттеріміз дүниеге қайта келгендей болды. ( Күлемін келіп, ал олар күлді ме, тістенеді ме? Өтірік па еді сөзім? Артық айтып жібердім ба? ) Сен екеуің бұрын мұндай жиналыстарымызға келмеуші едіңдер. Ал сен ше? (Әнуарға) Аспаннан түскің келмейді ме? Қияли болып кетіпсің ғой?
Назым: — Нұрлан, саған не болған?
— Сөйлеме. Тағы да өзіңнің сиқырлы сөздеріңмен алдайын деп пе едің? Сенің кішкене басың қалай – қалай жасайды өзі? Сен шектен тыс ақылдысың! Жоооқ, қусың! Сен қусың!
— Неге олай дейсің? Маған қарашы, мен сені алдағым келетін адамға ұқсаймын ба?
— Жоооқ, қарамаймын. Сол сенің көзің, сол құртады. Алдамшы. Ол бәрін батырып алып кететін тұңғиық бірдеңе! Сен бәрін білесің! Мынаның бәрі өзіңе қалай ғашық екенін білесің! Сен мына отырған бәрімізді білесің! Ал сені біз білмейміз. Жұмбаақ! Жұмбаақ жан! Хех…
Парасат: — Нұрлан, сені үйіңе апарсақ қалай болады? Артынан өкінетін сөздерді айтпасаңшы!
— Парасат, сен, неге Айсұлуды ұмытып кеттің? Қызыық… Жоооқ, кешіріңдер! Бұл қыз жүрген жерін жайпап жүреді. Солаай… Не құдіреті бар дейсің? Сендермен жақсы қатынасты жасап отырған бұл өзі. Ал егер араласқысы келмесе оны да ол өзі жасайды. Бұныкі бір саясат. Сендер бар сырларыңды қалай ашқандарыңды білместен айтып қоясыңдар, ал ол бір сыр білдірмейді.Оның білмейтіні жердің астында болар. Ол сондай керемет, тілтабысқыш, қол ұшын беруге даяр, қамқор! Сұлу! Қателеспеңіздеер! Бұл жаай Шайтан! Шайтан!
Назым: — Айтып болсаң мені тыңда! Басқалардың бәрін білемін деп жар салдың да, өзіңді білдіртіп қойдың ғой. Олай ойламайсың ба? ( Өзінің кекесін жымиысымен көзіме тура қарады. Денем тітіркеніп кеткендей, есімді жиып алдым.)
Шынымен де бұным не?

5 пікір

yesbolat83
Нұрланың жарады. Аздап ұрттаса да ертеңін ойламайтын батыл екен. Көп ішсе жағдайы қандай болар екен. Маған сол қызық болып отыр. Осы сөздерді айту үшін ішкен-ау, шамасы.
Жазба маған ұнады.
Tulip
Рахмет! Пікірлеріңізді аямастан білдірсеңіздер болады. Қандай болсада.
Kan
ненедй мақсатпен жаздың түсінбедім. Әңгіме айтқың келіп кетті ма
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.