Өзімшіл

Таусылмайтын махаббат /
(жалғасы)
Менің бұл қылығымды қалай түсіндіре аламын. Ол үшін бірінші өзім түсініп алуым керек болар.
Өзімнен өзім қашқаным ба? Өзіме өзім мойындағым келмейтін сезім болғаны ма? Мүмкін Назымға бәрі тек сыйластықпен қарайтын болар. Иә, ол сыйға әбден лайық қыз. Өзін еріксіз сыйлатады. Шайтаны несі? Мен ғой шайтан. Ал ол… Ол періште! Ол мен үшін ғана, менің бағалауым да ғана ең сұлу, көркем жан. Мен үшін Мінсіз жан. Басқаларының сезім — ойын қайдан білейін.
Білмеймін, бір ойымды да сол қалпы жеткізе алмаспын. Білгенім, ақылынан адасып қалған мына мен, өзім. Оларға айтқандарымды өзіме айтатын адам керек — ау. Бұл қылығым… бәрі менің өзімшілдігім. Мен өзімшіл адаммын. Менің де басқалардай ғашық болуым мүмкін екенін мойындамағаным.
Менің періште жүзді, нәзік көзқарасты сүйіктім! Кешірім өтінемін!

2 пікір

Kan
«Мен ғой шайтан» осы сөздің мағнасын түсінгенде бұлай жазбас едің. Өз қатеңді мойындағаның жақсы екен.
yesbolat83
Махаббат, сүйгеніңе қол жеткізе алмау… Өте қиын нәрселер.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.