....

Таусылмайтын махаббат /
Жаным-ау!
Сезесін бе бул тағдырды?
Сарсаң куйде коңілім жылап турды.
Тагдырдың каталдыгы, арамдыгы
Сені ойлатып, әлі де зарыктырды.
Бір ауру өң бойымды жур мазалап.
Өмір мені келеді де әлі жазалап.
Бір нарсе құткарады тосыннан кеп,
Махаббаттың киесі ме?
О, гажап-ак!
… Ымменен, ишаратпен білдіргенмін,
Сол еді гой барін-барін бүлдіргені.
Гашыкпын! Осы еді гой мен айтпагым,
Білмеппін, сездірем деп куйдіргенмін.
Сол кундер гой мен іздеп ан салатын.
Бакыт кусын алыстан карсы алатын.
Жанарымнан шык тамса да карайламай,
Сол тундер гой мен еріксіз жасканатын.
Суйем деген бір ауыз соз сагынтатын.
Келем деген бір ауыз соз жубататын.
Жанарыңнан козімді алам карап турып,
Жебесіндей садактын атылатын.
Махаббат олген шыгар менде енді,
Талыксыган куйге мың берілген-ді.
Жыртылган журегімнін паракшасын
Озінше боп алдекімдер желімдеді.
Киналдым…
Сезер ме едің киналганды?
Шарасыздан жанарга мұң жиналганды?
Карайласам откен кундер тізбегіне,
Шын махаббат,қалқам, сірә, болмаған-ды…

Өмірімнің мәні-жалғыз сол. Жанымның жалғызы да-жалғыз сол. Екеуміздің кездескен күнімізге біресе рахмет айтып, біресе лағнет айтып жүргеніме, қарасам, биыл 3 жыл болыпты. Ия, тура 3 жыл…
3 жыл… Осы 3 жыл мен үшін 3 ғасырдан кем болмады. Жанымнан жырақтаған, бақытым деп санаган адамымды зарығып келердей күтіп жүрмін. Махаббатымның осылай баянсыз болатынына сенгім келмейді. Біз кездескен күн әлі есімде: көктем… Жұма күн… Күн ашық… Екеуміз жағалауда кездесетін болып келістік. Менің жанымда құрбым болды. Бірақ ол жағалаудың бас жағында қалып қойған. Содан мен бүршігін енді жара бастаған анау талдардың бойымен жағалап, аяғымды аңдып басып, жаймен ғана жүріп келемін. Тамаша ауа… Күн керемет… Көктемгі самал жел… Керемет көңіл-күймен сен жіберген суретіңді көз алдыма елестетіп келемін. Осы кезде ұялы телефоным «шыр» етіп, ойымды бұзып жіберді. «Алло?» деп көтерген сәтімде, «Келе жатырсың ба? Қайдасың?» деген әсем дауысың бойымды шымырлай жөнелді. «Ия, міне, жетіп те қалдым»…
Жайықтың толқыны жағаға соғып тұр… Жағалауда анадай жерде бір жігітті және де беріректе бір жұпты көрдім. Жанымен тұрған анау жігітті алыстан тани алмадым. Жаңағы қыз бен жігіттің қасынан өтіп кетіп, сол жігіт сен шығарсың деп ойлап, бет алған жағыма қарай ақырын жүрдім. Жақындаған сайын қадамдарым кішірейіп, жүрегім лүпілдеп, тасбақадай жорғалап келемін. Жаңағы жігіт кенет жалт қарады… Таныдым… Сенсің… Ал мен қайда қарарымды білмей ұялып қалдым. Тезірек жаныма жақындадың да, қолыңды созып амандастың. Екеуміз тез тіл табысып, Жайықтың жағасында отырып, ұзақ әңгімелестік. Екеумізге ортақ таныыс бі қыз бар еді соны да әңгіме ортасына қыстыра кеттік. Алғашында ол қыз туралы айтқан әңгімелерімізге мән бермей жүр едім, артынан қарасам, мен сені қызғана бастаппын. Сен де ол қызды содан кейін айтпайдын да болдың. Сөйтіп, кездесулер кездесуге жалғасып, менің алғашқы махаббатым өзің деп таңдаған бақытты күндерім өте бастады. Агент… Ұялы телефон… Үй телефоны… СМС хабарлама… Екеуміздің бір-бірімізден ажырамай, махаббатымызды сақтауға осы байланыстар бар күштерін салып, жұмыс атқарып жатқандай…
Ол негізі бес уақыт намаз оқитын иманды бойына жинаған асыл азамат еді. Ал мен жай ғана көптің бірі… Ол менен әу баста-ақ, қысқа белдемше (юбка) тұрмақ, тізеден келетін белдемшені кимейсің деп талап еткен. Мен келістім және соны орындадым. Алайда, үнемі орамал тағып жүре алмадым. Жүре алмағанда таққым келеді, бірақ… Бірақ… (Түсініп те тұрған шығарсыздар).
… Сенің әкең кезінде маған сәлем айтып жібергенің есіңде ме? Менің сол уақытта қуанғанымды-ай! Әкеңе мен жайлы яғни, өміріңде мен барымды айтқаның, мені кәдімгідей өзіңе деген сезімді бұрыннан да өте көп әсерде күшейтіп жіберді. Мен саған бірақ ол кезде «сүйемін» деген бір ауыз сөзді аз айтатынмын. Ал сен үнемі мені сүйетініңді, болашақта жар етіп алатыныңды айтып жүретінсің. Менің дайын болғанымды күтпейсің бе сонда деген сұрағыма саған не дайындық керек? Мен ғой сені алатын. Демек мен дайындалуым керек. Және дайын болған уақытымда алып кетемін дейтінсің. Мені қойшы әйтеуір үнсіз келісіп жүре беретінмін. Есіңде ме? Жайықтың жағасында тағы да кездесетін бір күні мен барып тұрмын. Ал сен әлі келмегенсің. Қоңырау шалып, досыңды әскерге шығарып салуға кетіп бара жатқаныңды айтып, шамалы күте тұруымды өтінгенсің. Сүйген жүрек сені сол жерде тура жарты сағат күтіп тұрды. Қыз бала үшін жарты сағат жігітті күту маған ол кезде ерсі боп көрінді де, саған қоңырау шалдым. Алайда сен әлі де вокзалда жүргеніңді айтқаныңда мен ашуланып кетіп қалғанмын. Он минут өткеннен соң, мен келіп тұрмын, қайдасың деп телефон шалдың. Менің жағдаймды түсінгеннен кейін, кешірім сұрадың. Мен ренішімді білдіріп, ақыры кешірдім ғой. Кешірмей қайда барайын? Себебі: сені сүйемін…
Қойшы әйтеуір, екеуміз сырласып, кездескелі төрт ай уақыт өтті. Төрт ай уақытта саған бауыр басып қалғаным соншалық, сенен айырылып қалудан қорықтым. Қорыққаным тек емес екен. Төрт ай уақыттан кейін екеуміздің арамызға жік түсе бастады. Ол жік менің намаз оқымауым, яғни сені тыңдамауым. Сен сол кезде менің Аллах разылығы үшін намаз оқып, сенің қасыңда мәңгі бірге болуды қатты қалағанымды білсең ғой! Сенен айырылып қалмау үшін, менің күндіз қалай жылап, түндіз сол мәселені ойлап ұйықтай алмағанымды сезсең ғой…
… Маусым айында мен отбасыммен Алматыға жол жүрдім. Ол уақытта мен 17 жаста едім. Кунде отбасыммен бірге жүргендіктен саган арнап, бір зат та алмаппын ғой. Өз қалама қайтып, сенімен кездескенде, өзіңе Алматыдан сыйлық алмаганыма ренжіген едің. Ойй, сол кез қызық еді. Балаша ренжіп сен де… Сөйтсем, сен маған еркелеп ренжіген екенсің ғой. Жаным-ай, сол кездерді қатты сағындым. Сенің маған, менің саған, бір-бірімізге еркелегенімізді өте қатты сағындым.
… Екеуміздің арамызда проблема пайда болғаннан бастап, арамыз жиілей бастады. Ал мен жиілеген сайын қатты қинала бастадым. Сен маған ұрысып та, жай айтып та түсіндірдің. Бірақ мен сенің ойыңша түсіне алмаппын. Алайда мен түсінген едім. Бірақ амалым болмады. Оны сен жақсы түсіндің. Түсіне тұра сол қиындықтан шығуымды талап еттің. Ал мен шыға алмадым. Шыға алмай тұншығып жүргенімде сен өмірімнен, менің өмірімнен кетіп қалдың. Себеп сол: менің орамал тақпай жүруім, намаз оқымауым…
… Мен сені достар тізімінен алып тастағам. Арада бір-екі ай уақыт өтті. Бір күні сабақ уақытында агентте отырғанымда сен маған қайтадан достық ұсындың. Қасымда қыздарға айтқанымда қабылда, қайта татуласқысы келетін шыгар деген сөздеріне құлақ аспай, қабылдамай қойғам. Алғашқыда қыздық намысым жіберсін бе деп жургенімде, шыдай алмай бір аптадан соң қабылдадым. «Мен сені қызғанам, жақсы көрем. Сол үшін де жалаңбас жүрме деп айтам. Сағындым»-деген секілді смс жибере бастадың… Онымызтағы да ұзаққа созылмады. Көп кешікпей қайтадан айырылыстық…
Алғашқы махаббатым деп кездестірген адамым қайырылмастай кетті. Жай кеткен жоқ жаныма жара салып кетті. Содан бері ешкіммен жүрген жоқпын. Міне содан бері үш жыл өтті. Алладан әр түні ұйықтарда жылап жалынам: Ертең бізді кездестірші. Ең болмағанда бір сыртынан да көруді нәсіп етші деп. Сол кездесуді күткеніме үш жыл болды. Кездессем, қыз басыма қарамай бәрін айтам. «Мейлі, екеуміз қайта кездеспейтін болсақ та, мен сені сүйген едім, суйем де әлі және де сүйіп өтем»… Осы сырларымды бәрін жайып салар едім…
Оны қатты жақсы көремін. Шіркін, артқа уақытты кері айналдырып, орамал тағып, оның жанында бақытты боп жүрсем ғой. Қазіргі сиқым болса мынау: Жақын деп жаныма тартар бір баламен дос бола да алмаймын. Неге екенін білмеймін. егер маған ұсыныс жасаған бір жігітпен жүріп кетсем, ертесіне алғашқы махаббатым мені қайта іздеп келердей боп тұрады. Сол үшін де ешқашан жаңа қадам жасағым келмейді. Жүрегім жосылып, тарам-тарам қан боп аққан жастарды сүртумен жастық өмірім өтіп жатыр. Күнде ең алғаш жіберген суретіңе қарап, жылаймын да жатамын. Өзіңе арнап қаншама өлең шығарып, қаншама хат та жазғам. Алайда хаттарымның бәрін озіме сақтаймын. Сенің номерінді теріп, саған конырау шалғым келіп кетеді. Өз өзімді әзер тежеймін. Сенің дауысың, журісің, келбетің, номерің барі мына менің журегімде сақтаулы тұр. Кездескен ар куніміз коз алдымнан аккан жұлдыздай отіп жатыр…
Жасым болса қазір жиырмадан асты… Жыл аяғана карай Ин ша Аллах жиырма бірге толамын. Алдыңғы өмірімді ойласам: егер жиырма төрт-жиырма беске келгенге дейін онымен кездеспей, осылай жүре берсем, ешқашан күйеуге шықпаймын деп шешім қабылдап қойдым. Бірақ біртүрлі ол қайтіп келетін сияқты болады да тұрады. Өмірім өтіп жатыр… Уш куз келіп жылатып, уш коктем келіп жұбатып кетті… Жаным, жалғызым, жаратқанның маған жіберген алтыны сол!!! Өзіңді сағынумен енді қанша уакытым отеді екен? Жалгыздыктан шарпыган от кеудеме жалғаз жангым келмейді. Омірімнің ар сатинде, кызыкты, кайгылы кундерімді сенімен откізгім келеді. Білесін бе? Сені катты суйемін. Бұл созді көп айтпағаныммен де, ішімнен мың мәрте көзіңе карап тұрып айтканмын. Білесін бе? Мен сені шын суйемін, Сен ше? Сенде казір маган деген бір тамшы сезімін де калды ма екен? Мен сенің санаңнан еш өшкім келмейді, ешкашан ұмыт болғым келмейді. Саган сор емес, бак боп орнагым келеді… Мен сенің жалғызың, болашак балаларыңның анасы, адал жар болып, бул дуниеде бір бірімізді жумакка жетелейтін ерлі-зайыпты болғым келеді… Ал сен ше? Менімен бар өміріңді өткізе аласың ба?

3 пікір

Kan
Бұл жазбаны ғашығыңның өзіне бер. Жеке басыңның былығын көпке жария етудің не жақсылығы бар.
Jako
… Сенің әкең кезінде маған сәлем айтып жібергенің есіңде ме?
Түсініксіздеу екен…
yesbolat83
Түсінбеймін мен, Жаратушыға деген пендесінің әрбір құлшылық-ғибадаттары шын ықыласта болмай, Аллаһтың разылығы үшін емес жаратылғандар үшін немесе олардың көңіліне қарап Ақиқат жолын қабылдау дегенім, ол бір риялық іс-әрекет емес пе?! Діннің өзі әрбір амалдарды шын ниетте орындау керектігіне шақырмай ма? Ол жігіттікі дұрыс емес, ал сенікі бос әурешілік. Орысша айтқанда «одналюб» болудың қажеті жоқ (оған лайықты болса бір сәрі). Жастық өміріңді қор ғып сенде, әй, баласың-ау. Таста бәрін, ұмыт, жаңа өмір баста. Сені ұнатса осы үш ғасырдың ішінде саған келу керек еді.
Автор, мақала соңына пікір қалдыруға тыйым салды!