Статус X. Бұл жақта да өмір бар яки үйленген админнен аз-маз мастер-класс

Таусылмайтын махаббат /
Ең бастысы — нәски таза © Ойлардан бірі
Ресми түрде үйленген статусын алғаныма мінеки, 1 айдан асты. Әрине, биыл үлгере үлкен тойға үлгере алмағандықтан, сырға салу, құдалығы, т.б шектелдік. Жалпы, мұндай шешімге келу оңай шаруа емес. Он ойланып, мың толғанып келеді көп жұп. Бірақ, бұл бізге қатты қиынға соққан жоқ. Мен дайын болған кезімде жарыма айттым, ол да дайын болып жүрген екен. Құдайдың қалауымен барлығы да жеңіл шешілді. Ендеше, осы соңғы 1 айдың ішіндегі өзімнің осы жақтағы өмірден көрген білгендеріммен танымдық постымда бөлісе отырайын.

1) Үйленсең босқа байланып қаласың. Жас кезде жүріп қал.
деуші еді үлкен ағалар. Мұның барлығы да өтірік, негізі. Сәтсіз жанұя не болмаса, әйелімен жараса алмай якыбы, жарының қарауында қалып кеткен жігітсымақтардың айтатын сөздері екен. Керісінше, қасыңда жақын адамың болғаны, оның саған үнемі жаныңа жылу сыйлап отыратындығы өзіңе үлкен күш береді. Онымен ұрсудың өзі бір керемет дүние.

2) Өөөй, подкаблучник...
деуші еді достар. Жалпы, былай. Сен үйленген соң, белгілі бір дәрежеде подкаблучник болуың заңдылық деп есептеймін. Әрине, көп ағайын, қызына көмектесуді жаңағы санатқа жатқызады. Бірақ, онда тұрған ештеңе жоқ. Хабарласып жатса, баруға тырысу керек. Өйткені ол да адам баласы. Оның да өте салмақты мәселелері бар. Өзім де, бір-екі рет осындай жағдайға тап болған соң, әйел баласының ондай сигналдарына салмақты қарай бастадым. Ощм, үйленген соң сондай боласың, бәрібір :)

3) Әйеліңе есеп беріп жүрсің ба?
Әрине! Ол да заңды. Әйеліңе өзің тіптен байқамай тұрып та есеп бере бересің. Бір ағалар "әйеліңе боқтап тұрып та есеп беріп жатқаныңды білмей қаласың" деуші еді. Рас :) Кейде, ашуланған кезде, «жұмыс істеп жатқанымды көрмей тұрсың ба? Барам ғой, шыққан соң» деп ұрсып жатып, жұмыс істеп жатқаның туралы есеп беріп жатасың, ықық :) Ощм, түсінгенім әйел ағайындар қалай да болмасын сенен есеп алады.

4) Әйеліңді қалай бағындырып жүрсің?
Жалпы, бұлай сұрайтындарды бірден үйленбегендердің санатына жатқызамын. Есті жарды басқаруға тырысудың қажеті шамалы деп ойлаймын. Ол, өзі-ақ сені түсінеді. Кейде «оооох, қалқатай, қалай ғана ойымды оқып қойдың» деп сүйсінетін кездер болады, жоқ жиі болады :) Кейін, әйел баласына бірнәрсені агрессия арқылы істетуге болмайды. Егер, түсіндіре алмасаң сенің әлсіздігің. Ал, әлсіздікпен күресу керек. Мысалы, көп жас отбасылардың ажырасуының басты себептерінің бірі — жанұялық агрессия. (Қарапайым, шәй қою мен нәски табудан басталады кейде көп нәрсе :)) Осындай кіші ашулар жұптың суып кетуіне әкеледі. Соңында алғашқы жолыққандағы махаббат та, жылылық та жоқ. Екеуі де кімге үйленгенін|тұрмысқа шыққанын білмей жүреді. Сондықтан, қандай жағдай болмасын тыныштық болуы керек. Максимум ұрысқа кетіп жатсаң да ажырасуға жол бермеу. Ашу басталып жатқанда орынды әзіл жақсы құрал. Өзім талай рет құтқарып қалдым :) Құрбаны да болдым. Екінші жағдайда әйелдің көңілін табу қиынға соғады.

5) Қызғаныш жағы қалай?
Қызғаныш заңды нәрсе. Мен де, ол да қызғанады. Бірақ, соқыр қызғаныш өөөөттте жаман нәрсе. Сенім және адалдық бар жерде ол жойылады, әрине. Әлі күнге дейін, мектеп оқушылары сияқты әйелінен|күйеуінен әлеуметтік желідегі аккаунтының паролін сұрап, сонда отыратын жанұя өкілдері де бар. Бермей қойса, соған болса күмәнданып, пәлен-түген деп. Не керегі бар дейм да, жалпы, дұрыс нәрсе емес. Отбасы болған соң оны ұстайтын ең басты факторлардан бірі сенім және адалдық деп айтып өттім. "Әйелді ері ұстамайды — ары ұстайды" деп атамның атасы бекерге айтпаған болса керек.

6) Әйеліңнің сенің достарың және жанұяңмен қарым-қатынасы қалай?
Жақсы. Жалпы, біз бір-біріміздің бірен-саран достарымызды танимыз. @Abylai біздің жақсы досымыз. Әрине, басында жаңа орта болған соң ыңғайсызданатыны заңдылық. Бірақ, сен одан бұрын достарыңа отбасыңа деген құрметіңді шын мәнінде асырып көрсет. Мен үйге кіргенде әжемнің қолын сүйіп, тағзым етемін. Мұндай құрметті көрген менің жарым, бұдан кем құрметтемейтініне сенімім кәміл. Әрине, келіншегіңнің көзінше әке-шешеңе, іні-қарындастарыңа айғайласаң, ол үшін де сенің туыстарыңның құны азая түседі. Сондықтан жарыңның көзінше жақындарыңның ешқашан абыройын түсірме.

7) Сөзімді аяқтай келе тағы бір кеңес беруге рұқсат етсеңіздер!
Келіншегіңе ерік бер құдай үшін. Ол сенің затың емес, серігің. Көңілі қалаған дүниелермен айналысуы үшін сенен үнемі рұқсат сұрап отыруы міндетті емес. Оның көзқарастары үнемі сенікімен бірдей болуға міндетті емес. Сенімен үнемі келісе беруі міндетті емес. Оның да өз көзқарастары мен өмірден түйгендері бар. Ол саған ақыл айтуға, сенің де қателіктеріңді түзеуге ақысы бар. Сондықтан, еееешқашан әйеліңді өзіңнің көзқарастарыңның негізіне түзеуге тырыспа! Оның көзқарастарын дәәәл өзіңдікіндей етіп өзгертуге тырыспа! Әйтпесе, ет пен сүйектен жаралған сүйген жарың жай ғана «диван-әйелге» айналмақ.

Әрине, жоғарыдағы мысалдан бір адамның негізінде алынып отыр. Егер, өміріңде шынымен сүйген жарасатын қызды тапқан болсаң (сондай жігіт ұсыныс жасап жатса), онда тәуекелдетіп үйлен, досым. Асықпа, анааау-мынаууу деп құлақтан езе беретіндердің мысалын көріп жүрміз. Отызға келгенде кезіккенге үйлене салып, соңында іштей өкініші барлар көбісі. Бірақ түсін. Жанұя құру — жауапты қадам. Оны сақтау — бұл шын мәнінде ерлік. Ендеше, 10, 20, 30, 40 жыл бойы тату түрде ерлік жасап жүрген кісілерге қол соға отырып, аталмыш ерліктен 1 айлық стажы бар жігітке көкейлеріңіздегі сауалдарыңызды қоя берсеңіздер болады. Сұрақтарыңызға жауап беруге әзірмін.

P.S. Пост жазбағалы көп болып еді. Қол шығып қалыпты. Жалпы, бұл тақырыптың деталдарына кейін тоқталам :)

29 пікір

Abylai
Сонда менің не қатысым бар?
tonukok
уахахаха, сөйлемді аяқтауды ұмытып кетіппін :) Ерініп отырм. Өзің түсінсең болды ең бастысы ыхыхы :)
өте керемет.әйеліңіз сіздей түсінігі бар жар тапқанына өте бақытты болар.сіз әйеліңізді қанша сыйласаңыз Алла сіздерге содан мың есе асырып бақыт пен махаббат берсін.маған ұнадыыыыыы
tonukok
Айтқаның келсін қарындасым. Сендерге де бақыт тілеймін.
рахмет, ағатай
Abylai
Әрине жақсы жазылған, бірақ білмейм ау әй білмейм ау
Abylai
Білмейм ау, өмір бойы бір әйелмен деген ))) Мен тіпті квартиранттарымды жыл сайын ауыстырып тұрам )))))
tonukok
Демек, квартираға деген махаббат жоқ сенде :))))
Abylai
Мен әзірге мұндайға дайын емеспін
tonukok
Нееегізі ше, брат :) Сондай адам жолықтырғанда өзіңнен өзің дайын болып шыға келесің ықық :) 28іңдіссс :)
Korkem
Әй, кеше ғана маған үйлениндеватқаның қайда?
AL-ASTER
Ооох! Мың рет естігенше, бір рет көрген абзалы болар. Сонымен қатар, жауапты қадамды саналы түрде іске асырып, оның позитивін жеткізе білген амигоға рақметтен басқа айтар жоқ. Жүрміз, әнеміне деп дайындалып.
P.S.: Амиго, кең көңіл үшін! :beer:
ereke_enu
Үйленбегендерді үміттендіретін ақпарат болды ғой бұл))
Сонда да "Өөөй подкаблук" дегім кеп тұр;)))
ereke_enu
Менде арасында «егер үйленсееем» деген қиялдар боп тұрады. Әсіресе, ұйқыға жатқанда) Бірақ, оның бәрі алғашқы ұрыс кезінде шаңы көкке ұшатын болар)) Сол үшін, менің ережем — анасын көрмей қызды алмаймын. «Яблоко от яблони далеко не падает» демейтін бе еді.

Сендердің осындай бақытты отбасы құрғандарыңа қуаныштымын. Мәңгі жасаңдар! Вобшым, отдуши ғо, бро))
yesbolat83
Қандай жарасымды жұп! Бақытты болыңдар!
Korkem
"Үйлену оңай, үй болу қиын" дейді, амалын тапсаң үй болу да оңай десеңші, амигос =))
Пы/сы: тойға барғыыым келеТ
beko
СадкоФМ не болып кетті өзі?) Есіме түсіп кетті, жүргізуші өз-өзіне қойғандай(елестеп).
Мақала жақсы жазылған және оған сайттағы шимайлардың көмегі жақсы тиген ау деп ойладым іштен, бір отырғаннан жазылмай дәәенді), біраз дүниелер ескеріліпті…
Енді Саке? Ка қоңырау шалдым, самолетке ниеттер тілектерімен бірге артылуда, күтіп алғайсың… Енді тойларыңды күтеміз, барып қуанышты тойлаймыз құдай қаласа.
Delfina
Сіздерге бақыт тілеймін. Әрқашан осындай бол!
1 жылдан соң осы жазғандарынды тағы да бір қорытындылап өтерсін))))
Kan
Бауырым шоқпарыңды ерте сермеп жатқан жоқсың ба? ертең сол шоқпарың айналып келіп бас жармасын. Құдай сақтасын әрине «жаман айпай жақсы жоқ» дейді емес пе.Жақсы болыңдар мәңгі бірге болыңдар ұрпақтарың көп болсын.
Бұндай кеңес беріп, ой қортуға бір ай тым аз. кем дегенде бес жыл тұр әйелің мен сосын барып осындай пікір білдіріп жатсаң онда келісемін. Казір сенің албырт сезіміңмен келісу қиын. Сен ойлағандай жанұя бақыты бір айда топшылайтым мәселе емес. Ол мәңгілік дүние содықтанда кеңес беру үшін саған әлі талап тәжірбие жинау кереке.
"Әйелге еркіндік беру керек" дейсің бе? бақыла бауырым атам қазақтың мына бір дана сөзі бар "әйелді бастан баланы жастан" деген. ойлан
tonukok
Barı de mumkın. Bır jyldan son jazamyn tagy da :)
tonukok
Негізі, кейде маған ата-бабам да сәл сәл қателескен сияқты көрінеді да :)
Kan
Әрине қателесуі де мүмкін бірақ. әйелмен қарым қатынас желден тәжірбеге мол сала. Сондықтанда өткеннен сабақ ала білген дұрыс шығар. Әйелді бастан дегенде өтте терең мағна жатыр түсінген адамға.
tonukok
Үйленгенсіз ба, Қанеке?
Kan
иа үйнегенмін балам бар. әйеліммен жап-жақсы тұрып жатырмын. әйтседе бірдемені дөп айту әлі ертелеу маған. кейін орта жастан асқасын болмаса
followme_alik
Осы тәрізді посттарды оқуды дағдыға айналдырдым, енді бір-екі тәжірибені көз алдыдан өткізу қалды, күйеу бала атануға дайынбыз!) Қосыл, @Abylai
zhano_almuhambet
Күштііііііі ғо мынау! Жетінші пункті айтам, ол бәрінен озды. Түсінбеушілік пен келеңсіздік әрқашан болады. Жалғыз сомен күрескенше екеулеп жеңіл келеді. Екі бас жақсы дей ма қалай? Бас екеу болмай мал екеу болмас па? Ұрысудың өзі ғажап қо… Қызығып кеттім ғо! Ұзағынан болсын!
didi0393
мяяяяя Садко бро уйленип кеттинбане* мен саган гашык едим ще))))каап упустила
тойга шакыру кайда*
БАКЫТТЫ БОЛЫНДАР!
nurbanu_KAMAL
Құттықтаймын! Бақытты болыңдар! Керемет пост.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.