Теріс мәнді дискриминант

Математика әлемінде /
Құрамында айнымалысы бар өрнектер теңдеулер деп аталады.
Осы теңдеулердің бірнеше түрлері бар. Солардың бірі- квадраттық теңдеулер.
Айнымалысының ең үлкен дәрежесі 2-ге тең, ax^2+bx+c=0 түріндегі теңдеуді квадарттық теңдеу деп атаймыз.
Мұндағы a, b және c теңдеудің коэффициенттері деп аталады. Мұндай түрдегі теңдеуді шешу үшін арнайы формула қолданылады: D=b^2-4ac. Мұны дискриминант деп атайды. Дискриминант 3 түрлі жағдайда болуы мүмкін. D>0, D<0 және D=0 жағдайлары. Мектеп бағдарламасында D>0 және D=0 жағдайлары ғана оқытылады. Яғни, D>0 болғанда, теңдеудің түбірлері x1=(-b-sqrt(D))/2a және x2=(-b+sqrt(D))/2a болса, D=0 болғанда x1=x2=-b/2a болады. Ал, D теріс болса ше? Теріс саннан түбір табылмаушы еді ғой. Көп жағдайда шешімі жоқ деп жазып жібереді. Алайда, бұл теңдеудің комплекс сандар жиынында шешімі бар екен. Комплекс сан деген не? Комплекс сан a+bi түріндегі сандар. Мұндағы a, b-нақты сандар. Ал, i санның жорамал бірлігі деп аталады. Сонда i^2=-1, бұдан i=sqrt(-1).
Енді, теңдеуді шешу жолымызға оралайық.
D теріс мәнді, яғни D<0 болса, x1=-b-sqrt(i)/2a және x2=-b+sqrt(i)/2a болмақ.



Мысал келтіре кетелік:
x^2+4x+5=0
D=(4^2)-4*1*5=16-20=-4
x1=-4+2i/2=i-2
x2=-4-2i/2=-i-2


Айпақшы, ҰБТ тапсыратындар үшін, бұның қажеті жоқ! Дискриминант теріс мәнде болса, жауабы жоқ деген нұсқаны белгілей салсаңыздар болғаны.

16 пікір

pari
иә бұл сегізінші сыныптың алгебрасына өтіледі.Дискриминант теріс мәнде болса мәні жоқ болады, мен есеп шығарғанда Дискриминант теріс мәнде болса екен деп отырамын:)
Togzhan
))Иә, бұл ең оңай әрі қызық теңдеу.
pari
сосын келтірілген теңдеу., дегенде бар:)
Togzhan
Келтірілген теңдеу ме? Дискриминантқа келтірілетін 4-ші дәрежелі теңдеу?
pari
ax^2-bx=0
бұл жерде ортақ көбейткіг арқылы шығады,:)
Turekhan
Бізде D<0 болса «шешімі жоқ» деп қоя саламыз…
pari
өтее дұрыс:)
Ademi
Жоғарыдағы есепті түсініп отырғаныңыз шамалы-ау?!
pari
оу қарындас мен үздікпін, сондықтан мынадай есептерді шемішкеше шағамын
Ademi
Қарындас? Мүмкін апайыңыз шығармын?
pari
Ал жақсы, апай мен үздікпін, сондықтан мынадай есептерді шемішкеше шағамын
Turekhan
Ademi, кімге айтып едіңіз?
Ais_97
Көп рахмет мен осы 8-сыныпта өткен едім осы тақырыпты негізінен оңай дискриминант!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.