Отырарлық қарттың хаты.

Елді мекендер /
.jpg
Қазiргi таңда Отырар ауданындағы мен сияқты мұғалiмдердiң денсаулығы мүшкiл. 50 жасқа жеткендерiнiң көпшiлiгiнiң жүрiп-тұруы қиындаған. Баспалдақтан түсіп — шығуы мұң. Баспалдақтан қиғаштап түсіп, түске дейін «сыртқа» екі рет шығатындарын қайтесіздер.

Сұрасаңыз бәрі «мықтымын» дейді. Ауыруын жасырған халық қой. Бауыр, бүйрек, асқазан, қан қысымы және зәр жолдары ауруымен ауыратындары қаншама. Менiң бiр басымда осы аурулардың барлығы бар. Бұдан кейiн «зейнеткерлiк жасты көремiз бе, көрмеймiз бе?” деген ой мазалайды.

Құрметтi халық қалаулылары мен ел ағалары! Экологиялық апат аймағындағы халықтың зейнеткерлiк жасын әйелдерге – 50, ерлерге 55 деп бекiтсеңiз­дер екен! Бауыр, бүйрек, асқазан, қан қысымы, қатерлi iсiктен кеткендер шағымдана алмады. Бұл жөнiнде статистикада көрсетiлмейтiнi айдан-анық.

Менiң қаншама жерлестерiм зейнеттiң не екенiн бiлмей кеттi. Зейнеткерлік жасқа жете алмай, жеткені зейнетақысын ала алмай кеткені қаншама. Өтiрiк көлгiрсудiң керегi не? Уран, мұнай (газ), қара және түстi металдар, мал өнiмдерi, ас­тық, некесіз туған ұлды, түгел бәрiн шетке саттық. Қане соның қаржысы? Жекелеген кiсiлердiң қалтасынан артылмады ма?

Менiңше, зейнеткерлiк жасын ұзарту керек дейтiндер бала бағудан қашқан, немереден безген, бесiк жырын айта алмайтын апалар деп ойлаймын. Немесе Аллаға иман келтiрiп намаз оқығысы келмейтiн, Құдайдан безген имансыз қарттар шығар. „Жұ­мысты кәрi қақпастар iстесiн, қыздар тәнiн сатып, ұлдар жанын сатып күндерiн көредi“ дегендер, қубастар шығар. „Мен жастарға сенбеймін“ деп жүргендер шығар.

Бұлар жастарды жалмайтын „ХХІ ғасырдың жалмауыздары“ ма деп ойлаймын. „Қартаю иттiң де қолынан келедi, “Қария» болу адамның ғана қолынан келедi" деген атам Қазақ. Жөнiмiзбен қартаяйық, ағайындар. «Алла» деп иман келтіретін, жастарға ақыл айтатын қария болайық.

Егер де «мұсылманның баласы» болсақ. Отырарлық әйелдердi – 50, ерлер­дi 55 жаста зейнет­кер­лiкке 100%-бен шығаруға Отырардан шығып жатқан уранның қаржысы молынан жетедi.

Алпысбай Абдрайым

Отырар ауданы, ОҚО

Ұлт порталы

3 пікір

Jako
Уран, мұнай (газ), қара және түстi металдар, мал өнiмдерi, ас­тық, некесіз туған ұлды, түгел бәрiн шетке саттық. Қане соның қаржысы? Жекелеген кiсiлердiң қалтасынан артылмады ма?

Менiңше, зейнеткерлiк жасын ұзарту керек дейтiндер бала бағудан қашқан, немереден безген, бесiк жырын айта алмайтын апалар деп ойлаймын. Немесе Аллаға иман келтiрiп намаз оқығысы келмейтiн, Құдайдан безген имансыз қарттар шығар. „Жұ­мысты кәрi қақпастар iстесiн, қыздар тәнiн сатып, ұлдар жанын сатып күндерiн көредi“ дегендер, қубастар шығар.

Осындай жанайқайды ішкені алдында,ішпегені артында, ақ нанды аяқпен теуіп жүрген, соған қарамай қалай салықты көтерсем, зейнет ақысын бейнет көргендерге бұйыртпасам деп жүрген Сәбденов, Досаев т.с.с. шенеуніктер оқи ма екен?
Соңғы өңделген уақыты:
yesbolat83
Мұнай-газ, қара және түсті металлдар өндіру барысында адамзат денсаулығына өте зиянды түрлі химикаттар қоршаған ортаға тарайтыны белгілі. Әрине, осының салдарынан жоғарыда атап өтілген ауру түрлері тарайды. Осындай салада жұмыс жасайтын қарттар тұрмақ, тепсе темір үзер жас жігіттердің де денсаулықтарына аймақ экологиясы кері әсерін тигізуде.
зейнеткерлiк жасын ұзарту керек дейтiндер
билік басында, таза жер, жылы орын, жеңіл жұмыс жасайтындардың сандырағы.
Jako
Иә Еске, қарияның «Бұлар жастарды жалмайтын „ХХІ ғасырдың жалмауыздары“ ма деп ойлаймын»-дегенінде бір жағынан шындық бар сияқты.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.