Қызға 40 үйден тыйым (нәзік жандыларға арналған пост)

Өз ойым /
Қазақта инабатты қыз өсіру ниетімен тыйым сөздерді де пайдаланған қызға 40 үйден тыйым болған:

1. Жарыса сөйлеуге
2. Жалғыз қыдыруға
3. Жыртақтап күліп, сыпсыңдап сөйлеуге
4. Орынсыз ұрынуға
5. Басқаларға қол тигізуге
6. Өтірік, өсекке
7. Суық жүріс, сумаң қылыққа
8. Кісіге қарай керіліп есінеуге
9. Талтайып отыруға
10.Шалқайып жатуға
11.Тамақты обырлана асауға
12.Ұрлық қарлыққа
13.Ұятты мүшелерін ашып жүруге
14.Бұраңдап қылмысуға
15.Қызыл іңірде жатуға
16.Түске дейін ұйықтауға
17.Кісі алдында киім ауыстыруға
18.Салт-дәстүрден аттауға
19.Елді ғайбаттауға
20.Үлкендердің жолын кесіп, атын атауға
21.Ішімдік пен шегімдікке
22.Ұрыс-керіске
23.Беттен алып, бет жыртысуға
24.Қараулыққа, ысырапқа
25.Рахымсыздық пен қатыгездікке
26.Түнде суға жалғыз баруға
27.Жат жыныстылармен арласып жатуға
28.Күйеуге қашып тиюге
29.Әдепсіз сөзге
30.Тарс-тұрс етуге
31.Адам мен жануарларды тебуге
32.Кісіні қорлап жәбірлеуге
33.Тәкәппарлық пен сыйқымазақ жасауға
34.Айғай сүреңге
35.Шектен тыс сыланып жасануға
36.Қызғаншақтық пен күншілдікке
37.Менмендік пен өзімшілдікке
38.Алдап-арбауға
39.Көрсеқызарлыққа
40.Нәпсі құмарлыққа тыйым
Бұл тыйым сөздердің мағынасын түсініп есте сақтау қажет. Түсінбеген, өз басына кездескен кейбір жағдайларды ашық айтып пікірлесу де адамдықтың белгісі.Ұстаз-ақылшың, оқытушың, шын досың. Әр уақытта пікірлесіп ішкі жан дүниеңді ашуда ата-анңмен бірдей адам.Ата-ана мен ұстаздың арсына қаяу түсірме. Сыйла, айтқанын тыңда. Олар сендерді қорғайды, қолдайды.

Суретпенде шығарып жіберейін:)


Әбекең айтпақшы Деректің көзі, мұрыны,құлағы осы сайттан алынды

25 пікір

Zhassiko
Жалпы, мыынау қыздарға ксеркстен шығарып, қалтасына салып алып, қарайлап жүруге жақсы екен…
Дереккөз қайдан алынды?
aitaber
Күйеуге қашып тиюге
??? WTF??? Мынау не тағы???
Былай ғой, мынаның барлығы да қыздарда бар нәрселер! Сондықтан бұлардың барлығы да қыздардан кетіп қалса, онда оның кім болатынын білмеймін. Жәй идеал жасап, тым болмағанда еліктеуге болады, негізі:)
pari
Жәй идеал жасап, тым болмағанда еліктеуге болады, негізі:)
күмәндана бастадым осы жерден:)))
AKA
Былай ғой, мынаның барлығы да қыздарда бар нәрселер! Сондықтан бұлардың барлығы да қыздардан кетіп қалса, онда оның кім болатынын білмеймін.
Сіздің осындай қысқа да көлемді тост айта білетініңіз үшін кейде жақсы көріп кетем. © :))
followme_alik
Тыйылып жүргірлер)

Білетіндер, жауап берсе деймін:
1. Тарс-тұрс етуге… Тарс-тұрс ету, не ету?
2.Жат жыныстылар деген кімдер? ино?
3. Қараулық пен ысығу деген не?…
4. Қызыл іңір… қай мүше?
alikona
1.тарс-тұрс ету деген-үйде аяғынды қатты басып жүрмеу, сосын ыдыс-аяқпен абай болып көп ашуланбау шығар деп түсіндім.Ал қалғандарын өзім де білмеймін.то есть 2-ні өзін де біліп,әдейі сұрап тұрғанына сенімдімін.
Jako
Сағыныш, сен ренжіме пост сәтсіз шыққан, біріншіден тақырып пен жазбаң үйлеспейді."Қызға қырық үйден тиым, болмаса қара құлдан тиым"-деген өзінше мақал.Ал сенің жазғандарың ешқандай үйге қатысы жоқ қағидалар.Екіншіден бұл жерде қыздардың қатысын байқап тұрған жоқпын, мына жазғандарың ұлдарға да ұстануға артықтық етпейтін қағидалар.Сондықтан өзіне лайықтап тақырып қойсаң тәп-тәуір пост болайын деп тұр.
qyrmyzy
Жалғыз қыдыруға
жиі қыдырам жалғыз! Сосын тыйымның ішінде ұстаз жайлы няғып жүр??? Копипасттан шаршамадыңдар ма???№
torpedaip
Қыреке жалғыз қыдыруға қорықпайсыз ба мына қиын заманда, әйтеуір неше түрлі жағдайда есітіп жатамыз…
qyrmyzy
ол дегенің түнгі үшке дейін көшеде қаңғу емес қой. Киноға барғым келед барам деген сияқты ғой:)
torpedaip
Өте керек дерек екен, іздеп жүр едім как раз, енді қызыма айта отырамын
qyrmyzy
Жігітім осындайларды айтып отса… маммммммааааа
torpedaip
Басқаша ойлап қалдыңыз, отбасылы жігітпін, Кәусар деген 10 айлық қызым бар, соны айтамын
Zhanat
10айлық қыздың миын әлден ашытасын ғой айта отырып))
qyrmyzy
соны айтам да… қатал, өте қатал әке ма деп қалдым
qyrmyzy
сіздің джынды жарнамаңызды күту керекпін бе Көркемге арналған:)
Korkem
толығырақ… толығырақ…
Әлдекімнің де мен білетін Кәусар атты қызы бар болатын?
Korkem
Жалғыз қыздарға ғана емес, жігіттерге де керекті кеңес секілді.
banzaika1990
31.Адам мен жануарларды тебуге
— мынау ваще ақылға қонымсыз ғой, тиымға енгізгендеріне қарағанда бұндай қылық жасайтындар болған ғой тегі, ужс
mairosh
11.Тамақты обырлана асауға
бір үйдің жалғыз ерке қыздарына осыны айтсан бір шапалақ аласын))
User
Кезекті құсық пост!
pari
әйтеуір маған тиісетін амал тауыпсыңғо қопарып қопарып сенің ана реперский посттарыңнан жақсы әйтеуір
User
дәлелде құсықбай
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.