Аяғына дейін жете алмаған пост

Өз ойым /
КЕШЕГІ КҮН КЕЛМЕЙДІ
— Мен сіздің мына әкелгеніңізге киллограмы 15 теңгеден көп бере алмаймын, — деп ұзын бойлы сары бала қасарсып тұрып алды.
— Ей, сен менің алдымда темір өткізген әлгі екі жігітке келісі 24 теңге бергеніңді өз көзіммен көрдім! Менің мына жұпыны киіміме қарап сен мені ақмақ ғылма, бала! – деп Саржан айқайға көшті.
— Оу, ағасы! Сіз олай маған дауыс көтермеңіз, мына әкелгендеріңізді мен қайта қабылдауға келіскеніме қуаныңыз! Қарасай мынаны, шіріп тұр. Сізге айтайын, мына шірігер жерлерін балғамен ұрғылап алып тастасам мынауыңыздан түк қалмайды. – деп қолына балғасын алып арбаға жақындай беріп еді
— Өй, сені де! Осы ауданда жалғыз сен дейсің бе темір қалдықтарын қабылдайтын, тфу! – деп Саржан арбасын жұлқына кері сүйреп дарбазадан шыға бастады.
— Қайда барасыз, ағасы? Ол жердегілер сізге менен де төмен баға ұсынады, босқа әуреленесіз, — деді, бірақ оның сөздерін Саржан ит үргендей де көрмеді, — Ай, өзіңіз біліңіз… — деп сары бала артынша міңгірледі.
Арбасын сықырлатын тар көше бойымен келеді. Қатты тоңғаннан аяқтары да бастырар емес, оның үстіне бүгіндікке әлі нәр татқан да жоқ. Күннің суығанан болар, әлде әлсірегенінен болар жол шетінде жатқан тасты байқамай Саржан оңбай құлады. Өзінің құлағанымен қоса арбасы да ақтарылып кетті…

П.С: Алдында Көркемнің байқауына бірдене жазайын деп бастап едім, сол байқаудың қалай жалғасқаның, кімдер жазғаның, кімнің қанжығасы майланғанын түсінбей қалдым)

Мынау кіп-кішкентай аяқталмағанды несіне жазып, 28 секунд уақытымызды кетірдің демес үшін ақталайын. Бір өте керемет, әдемі, көрікті, ғажайып жаннын айтқан советі бойынша, мұңлы, қайғылы, траурный кітаптар, шығармалар, киноларды көрмеуім керек екен. (Мына сөйлемде мектепте сөйлемнің бірыңғай мүшелерін өтіп жатқан кезде мысал ретінде алуға жақсы екен)

Сол обал болмасын деп, комптағы сондай көңілсіз дүниелерді өшіріп отырып мынаны қоя салайын деп қоя салдым.

Сайтта неге адам азайып барады күннен-күнге?

ӨМІРІМІЗГЕ ӨЗГЕРІС ЕҢГІЗІП КӨРЕЙІК!

Қысқасы былай, как быть успешным деп қуып гуглдатып отырып Алекс Яновскийдің видеожазбаларын көріп қалдым, ұнады, жоқ, ӨТЕ қатты ұнады. Сіздерге де кеңес беремін.
Біз бір жылға жоспар құрғанда переоценивать етіп жібереміз да, 10 жылға жоспар құрсақ недооценивать етеді екенбіз. Солайына солай ғой!
Енді желаниясы барлар 10 жылға жоспар жазса, яғни, нені қалайды соларын жазса осыған пікір ретінде. Ол жоспардың саны міндетті түрде 50 (елу) кем болмауы керек, асып кетіп жүзге апарсаныздар да болады, тек ЕЛУДЕН кем болмауы шарт.
Және соны күнде бір рет оқып, соған ұмтыру керек!
Мен өзім ертең 50 жоспарымды жариялаймын, алдымен сіздерден күтемін.

42 пікір

ereke_enu
Осылай аяқтасаң да болады екен ғой. Оқырман біткен бітпегенін түсінбей дал боп қалады. Тағы оқиды, әңгімеден өзінше бір мағына іздеп бастайды. Табады ақыры… Сосын комментте мақтай бастайды, «керемет жазба, әлеуметтік өткір мәселе қозғалған, т.с.с»… Ал, сенің аяқтай алмай кеткеніңді кім білсін)
dimash
Ал анау 50 жоспарға не дейсіз, Ереке?
Соңғы кездері сондай видеоларды көп көргіштеп кеттім, осында неше жылдан бері ғаламторда отыратын қолданушылар да бар ғой, мен сияқты көретіндер де бар ма… Или сол жайлы, общым екінші тақырыпта пікір алмасса деп едім
ereke_enu
Айналдырған бірнеше ғана жоспарым бар. Оған тағы қырығын қосатын болсам, ойым шашырап кететін секілді. Меніңше, көп жоспар құрып қажет емес. Уақыт өте келе бәрібір жүз өзгертесің. Тек маңыздылары ғана қалады. Міне, солар бойынша талмай еңбектену керек. Қалғаны жолай орындала береді өзі. Және жоспарға қатты сеніп қажет те емес. Жеңісті де, жеңілісті де бірдей қабылдай алған кісіге рекпект.
ereke_enu
Менің ойымша, кез келген шығармада эмоция болса, қызықтырақ болады. Ғылыми еңбектер неге қызықсыз? Себебі, дым эмоция жоқ та онда, ал, пайдасы зор. Сол жазушының мақсаты болмашы арзан эмоциямен құнды ойды жеткізе білу болса керек.
qyrmyzy
ок! жазып көрейік жоспарды:)
Korkem
мұнша әсер аларсың деп ойлағам жоқ, тамаша бастама екен!
dimash
Я баста өмірден жолы болмаған, бір үлкен қателік жібердіремін деп ойлағанмын бас кейіпкеріме.
Негізгі сабақ алар ой уақытты бос өткізбеу болады деп ойлағанмын. Бірақ аяқтауға зауқым соқпай қалды :)
khairbek
акәзыбаетса ПАРА алып жатып усталып калганда ЕРЕКЕ ЕРЕКЕ ЕРЕКЕ деп 3 ЫРЭТ айқайлау керек екенго,,,, мен былмей журсем ТӨМЕНДЕГІ ССЫЛКАДАН КАРАНДАР
www.youtube.com/watch?v=bmAXOD30Iv0#t=36
dimash
Аахахаха)))))) Оны жаңалықтан да көрсетіп масқаралап еді, сен олардан да өткізіп жібердің))
Korkem
кеЧ, не айтвацың?
Karakulov
уаааахахахаха))
qyrmyzy
үйреніп жатырмысың?
ZevsKO
мынау таза шалақазақский ғой
Zhanat
ешкім жоспарын жазбапты, мен бастап көрейін.
1. қарашаның 5не дейін стреловый блокты табуым керек.
2. табылмай жатса 100% құрауым керек.
3. Осы күндері көмек беріп жатқан жандарға алғыс айтуым керек.
4.Осы шаруаларымды бітіріп, Алматыға билет алып
5.Алматыға баруым керек.
6.Оны бақытты етуім керек.
7.Массагет сайтына баруым керек.
8. Алматыдан жұмыс табуым керек.
9. Жұмыс табылғанға дейін Шымкентке барып қайтуды да жоспарлап жүрмін.
10. Қазжурдағы блогыма жазбаларымды салуым керек.
11.Шымкент ке барып мындай торт жеп қайтуым керек.
тағы бірде ары қарай толықтырамын
qyrmyzy
Ағасы, бұйыртса, 9 на Шымкентте боламын, соған қарай барсаңызшы сіз де?
Zhanat
9на қарай баруға жеңгең жібермейді ау, көремін))
qyrmyzy
9-11 ноябрь, ИНШ, баруға тырысам
6 пункт орындалды ма?
qyrmyzy
Келер аптадағы жоспарларымды жазып көрейін:
1. Назеркенің туған күніне бірдеңе ұйымдамтыру керек;
2. Амигомен қыдыру керек;
3. Ағама қонаққа баруым керек;
4. Зарплат түседі, жуу керек;
5. 2апта бұын жазылып басталған хаттарды аяқтап, адрестер бойынша жіберу қажет;
6. Коллективпен табиғатқа демалысқа шығуды ұйымдастыру керек;
7. Үйіліп жатқан посттарды аяқтау керек;
Білмеймін, тағы не қалды?
Айтқандай, келер апта 3 күн демалыс. Мүмкін бір қалада жиналамыз, а? Майрош, Көркем?
dimash
Мына жоспарларыңыз орындалды ма орындалмады ма білмедім, білгім келіп те тұрған жоқ:)
Бір қиялға ерік беріп 10 жылға дейін жоспарлауға еріндіңіз ба, Қырмызы ханым))
Онда жәй ғана мына видеоға көз жүірте салыңыз, артық етпес меніңше
qyrmyzy
осы аптаға жасалған жоспар бұл. 10 жылға жасайтын жоспарымды пікірге жазбақ түгілі ешкімге көрсептес едім. Рахмет!
ereke_enu
4-пунк орындалғанда маған ед лақтыруды ұмытпа;)
Aikona
1. 2 договор тауып, жасауым керек
2. больницаға жататын уақытты белгілеу керек
3. 3 пост жазуым керек
4. бір жаққа туған күнге баруым керек
5. ол кісіге подаркы алуым керек
6. негатив пен еріншектіктен және интернетке тәуелділіктен арылу керек
dimash
Мынау сіздің апталық жоспарыңыз шығар көп болса.
Мен 10 жылға және 50 (елу) кем болмасын деп едім.
Мұндағы мақсатын сіздің алдағы аптада қайда болатыныңызды білу емес, меніңше ешкімге қажет емес ол. Мақсатым әр адам болашағына жоспар құрса, не үшін өмір сүретіні, қай бағынқа қарайтыны, жалпы 10 жылдан кейін өзін қалай елестететінін ойланса деп едім. Деп едім болғанда, жоғарыда жаза кеткенімді Алекс Яновскийдің мына видеосынан алғаным.
Aikona
а 10 жыл дейсіз бе?
1. тұрмысқа шығу
2. оны бақытты ету, жақсы жар болу
3. 10 жылда кемінде 3 баланың анасы атанғым келеді, жақсы ана болу
4. ата-анамды бақытты еткім келеді, олар уайымдамаса екен деймін
5. Бизнес ашқым келеді, соны дамытқым келеді
6. Жаныммен бірге үлкен үй тұрғызсақ, іші қуанышқа бақытқа толы болады.
7. Әкеме жеке бақ алып бергім келеді, анам екеуі қиналмай қарап жүретіндей
dimash
Дардай 10 жылыңызды небәрі жеті пункте сыйдыра салдыңыз ба:) Жоспарыңызға қарап мен өте қарапайым, биязы қазақ қызын елестетіп тұрмын :))
Бірақ сондада осы жоспарыңызға қалай жетету керектігін жекелеп толықтыра жазғаныңызда тамаша шығар еді.
Мысалы қарапайым нанға май жағып жеу үшін сіз алдымен (1)(нанды кесесін, (2) майды аласыз, (3) оны нанға жағасыз ғой)) Ал осылардың орындарын ауыстырып көрсек қуып кетеміз, мысалы ешкім нанға майды жағып барып нанды кеспейді немесе нанды жеп барып майды жақпаймыз)
Өздері ғой енді практикамды кешке жазып қойғандары, ішм пысып кетті үйде жалғыз...<img src=«s19.rimg.info/418607f499d60b80ade84d48874dbdb8.gif?kulekeshter»>
Aikona
былай қарасаң жолдары түсінікті сияқты. Сіз жазғандай түсініктемеге біраз уақыт кетіп қалады))
qyrmyzy
ауырмашыыыыыыыыы. Сәттілік:)
Jako
Адам жоспарлайды, Алла бағамдайды (айтқаны болады).
mairosh
тағы да мен ғой бұл…
dimash
«Бұйырған кетпейді, қуған жетпейді» деген бізде жалқаулар создать еткен психологиядағы адамдар көп ғой… Тастаңдар онда, жұмысты қойыңдар, жатыңдар, бұйырған кетпейді ғой, біз не істесек те Алланың дегені болады екен. Ұмтылмаңдар ештенеге, егер бұйырмаған болса бәрі бір жетпейсіңдер… ФФФФФФФ

Менің түсінігім бойынша аса мейірімді жаратушы ием Алла бізге өмір сыйлады, ал оны қалай өткізетініміз өзімізге байланысты.

Соңғы кездері Көркемнің айтқаны көп ойландырып жүр.
Бір пенде Алланың елшісінен сұраса керек:
— Кейбір адамдардың тілегі бірден қабыл болады да, менің тілегенің үнемі орындалмайды, — депті. Сонда елші:
— Сенен мүлдем танымайтын адам келіп ақша сұраса сен берер ма едің? — десе
— Жоқ, бермес едім, — депті.
— Бұл да солай, сен Аллаға құлшылық етіп, тек қиналған сәтте ғана емес, былайынша күндерде де есіне алып жүрсен, ниетің таза болса сенің де тілегін қабыл болады, — деген екен.
(жәй ойымда жүрген сон жаза салғаным)
akil_kalta01
Димаш сенің осындайың жақсы да! Мына жердегі пікірлерге қарасам бір дастарханның басына болып жатқан әңгімеге ұқсайды, бәріде тамаша! Дастарханды жайған әрине озің! :)) Сосын жоспар деген тамаша нәрсе ғой!
Бірде былай болған:
Ми деген ашып кеткен, анаған үлгеруім керек мынаған үлгеруім керек, Опщм екіге бөлініп кетуге шақы қалып тұрмын. Содан маған не бүгін не істеу керектігін қағазға түсіріп, маңздылығына қарай орындаймын деп ойладым. Қолыма қаламымды алып жазайын десем жазатын да дым жоқ. Сүйтсем жүйелі ойламаудың себебінен ойдағы нәрсе жиналмаған бөлмедей аяқ алып жүре алмастай көрінеді екен. Жинақы бөлмеде еркін қозғалуға болатыны секілді жоспарлы әректпен де тамаша нәтижеге жетуге болатынын білдім.
п/с: Есімнен шыққанды қайта түсіргеніңе рахмет!
qyrmyzy
ық ық, мен де күнде үйге қайтарда стикерге жазам бітпей қалған жұмыстарды. Былай қарасаң, аз-ақ, бірақ үйге келген соң уайымдай бастайсың ба… тамақ ішіп болғанша асығып…
Korkem
мына жерге жоспар жазуға уақыт таппай жүрмін. не деген қолы босмайтын адам болып кеттім екен))) жақын тұрған жоспарлардан арылып алайын, сосын жазамын. Ойымда жүр сенің осы жазбаң, жақсы қозғадың. мынаның өзін ағылшынша теріп, қайта ерінбей қазақша жазғанымды айтшиш, уФ)))
dimash
Сол өзім де жазуға уақыт таба алмай жүрмін, точнее аурып жүрген сол.
Ойыңда жүрсе болар :)
СООООООООООООООЛ ©
zhurttyn_balasy
Әлгі "Өзім жайлы 100 факт" эстафетасы сияқты «менің 10 жылға құрған 50 (100) жоспарым» деп жасасаңдар болады екен. Идея ұнады
Korkem
қызық болатын шығар. Сен жазшиш, бір постыңды оқи алмай, арманда кететін болдық))
dimash
Жұрттың балдары пост жазбайды екен ғо…
жоспар құрған дұрыс шығар, бірақ кейбір ойшылдар «тек бүгінгі күнмен өмір сүр», "әр күніңді соңғы күндей қып өткіз" дейді. менің ойымша табысқа жету үшін — ерінбей, әрекет ете берген дұрыс. әлдебір қағидалармен өмір сүруді қолдамаймын.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.