Бала тәрбиесіне кім жауапты?

Өз ойым /

Соңғы кезде ерсі де болса осы бір «Бала тәрбиесіне мектеп па, ата-ана ма,қоғам ба кім жауыпты?»-деген сұрақ әр жерден қылаң беруде, соған арнайы өз ойымды жазып отырмын, талқыға салып, сараптау сіздерден.


Ата-ана «Мен баламды өзім тәрбиелеймін, мектептің керегі жоқ»-деп айтуға құқы жоқ, баласын мектепке жібермесе заңмен жауап береді. Мектеп бала тәрбиесіне, оқу деңгейіне жауап бермесе онда мектепте директордың тәрбие жөніндегі, оқу-білім жөніндегі көмекшілерінің не қажеті бар? Айлық есебінен біздің (салық төлеушілердің) ақшалары не үшін төлену керек оларға. Жауап бермесе не үшін мемлекет қыруар қаржы шығындап бес жыл бойы оқу, тәрбие жолдарын үйрету үшін институттарда оқытады? Сондықтан мектеп жауаптылығы бірінші орында, себебі олар сол бала тәрбиесі үшін арнайы дайындалып, бала тәрбиелеу міндеті жүктелген адамдар Мысалы бір әсем ғимрат құлап қалса, ең бірінші сол ғимратты тұрғызушы маман жауап береді, екінші солғимыратқа қолданылған құрылыс материалдарын өндіруші жауап береді. Міне біздің жағдайда «Мектеп» — сапалы қоғамдық құрылыс құрушы, «Бала» — қоғам материалы, «Ата-Ана»-сол материалды өндіруші.Бұл үшеуі бір-бірінсіз мығым болмайды.Ал әрбірата-ана өз баласын ешбір ақы талап етпей ақ, өз шама-шарқынша тәрбиелеуден қашпайды және ешқандай ата-ана балам жаман болсын демейді. Одан басқа ата-ана алдында баланы материалдық жағынан қамтамасыз ету міндеті бар, ол ата-ананың өте көп уақытын, күш-қуатын, жүйке-жігерін жұмсайтын факторлардың бірі. Ал мектеп функциясына бұл міндеттер кірмейді, олардан талап етілетіні сапалы білім мен баланың адам болып қалыптасу тәрбиесі. Сондықтан да мектеп бала тәрбиесіне тікелей жауапты, бірақ бұл ата-ананы балаға тәрбие беру міндетінен босата алмайды.Қоғам, адам қоғамнан бөлек дами алмайды, адамсыз қоғам құрылмайды. Сондықтан да бұл екеуі егіз ұғым. Тарихта қоғамның жеке адам тәрбиесіне тікелей әсері болса да сол жеке адам тағдырына жауап беруі өте сирек кездесетін құбылыс болар.

15 пікір

Kan
Егіз ұғым дегеніңізге келесе алмаймын. Канша жерден айтылсада бірінші кезекте ата-ананың рөлі басымдырақ. Мұғалім баланың өміріне әсер етуі мүмкін бірақ негізгі діңгек ата-ана емес пе? Ата-ананың жауапкершілігінің маңыздылығы мынада:
бірінші: Баланың қаныда, жаныда ата-ананы. Яғни мінезі қаны арқылы қалыптасады.
Екіншіден: Оқушы мұғалімнің алдында әрі кетсе жеті сағат болады. Ал қалған бақандай он жеті сағат ата-ананың қарамағында емес пе?
Ұшіншіден: Әр еш мұғалім балаларға теледидар қосып телесирял көрсетпейдіғой. Ал ата-ана баласымен Бану мен Мелихтің сүйіскендерін көріп күліп отырады емес пе.
Айта берсек жетеді аға. Ата-аналардың үйіне қонақ шақырғанда арақ құйятыны да, баласының көзінше темекі шегетін әкеніңде қылығын еске алу керек.
Jako
Бала ата-ананың қасында 17 сағат болады дейсің, сонда ата-ана қай уақытта жұмыс жасап баланың материалдық жағдайын туралайды, жоқ әлде оны мектеп мойнына алады ма? Кез келген атана баласымен бірге 4-5 сағаттан артық бола алмайды.Теңертең оқұуға жібергшенше 1-1,5 сағат уақыты баланы мектепке дайындаумен кетеді, ал кешкі 2-3 сағатта сол күбеңмен ( тамағы, сабағына қарау, төсегін дайындау, ыдыс-аяғын жуу т.с.с.) өте шығады.қалған уақыт дем алу керек шығар ұйқы, ертеңгі жұмыс жайы.Сонда ата-анаға 17 сағатты қайдан тауып бермекпіз, егер тәулікті 48 сғатқа созбасақ. Басқасын айтқанда мектептегілер де сол ата-ана емес пе? Тағы да айтарым мен ата-анадан тәрбиелік міндетті мүлдем алып тастаудан аулақпын. Осы жақтарын ойлап көрсек.
khairbek
анасы сосын акесы, кобынесе анасы тарбиелейди
khairbek
Баланы дүниеге әкеліп тәрбиелеу, азамат ету — анаға да, әкеге де парыз. Десек те, ең бірінші әйел адамның бойында перзент тоғыз ай, тоғыз күн жататын болғандықтан, ең негізгі нәрсе соған байланысты. Осы ретте бала тәрбиелеудегі бірінші қасиет — сабырлылық. Кісінің иманы сабырлылықпен толығады.
Әсілінде, бала тәрбиесі ана құрсағында жатқанда-ақ басталмақ керек. Жүкті әйел барынша таза болғаны абзал. Себебі дәреттің денсаулық үшін пайдасы көп. Туғаннан соң сәбиін де таза жүріп тамақтандырған жөн. Абайдың әжесі Зере Құнанбайды дәретсіз емізбеген деген дерек бар. Құран Кәрімде: «Алла тағала барлық кемшіліктен пәк, таза болған соң, құлдарынан да тазалықты талап етеді» дейді. Әрдайым басына орамалын тағып, «Биссимиллаһир рахманир рахим» десе, ана сүтінде береке болады.
Басында орамалы жоқ, ұйпа-тұйпа шаштан бала да шошиды. Осыны пайдаланған шайтан бастағы қайызғақтан баланың аузына емшекпен бірге салып тұрады екен. Бұл балаңыз кір нәрсені ауызға алып отыр деген сөз. Ондай бала әлбетте ашушаң, тұрақсыз болып өседі. Дүниедегі бар сұлулық та, жүрек жылуы да ең алдымен анадан тарайды. Ананың ақ сүті адам баласы үшін аса қасиетті зат. Ана — өмір тұтқасы, өмірге адам әкелуші, тәрбиеші. «Сүтпен сіңген мінез, сүйекпен кетеді» деген қазақта асыл сөз осындайдан туындаса керек.
Сондай-ақ құрсақтағы бала мен ананың өмірін бір-бірінен бөліп қарауға әсте болмайды. Ана өз бойындағы қуатты болашақ сәбиіне береді. Мысалы, дәрігердің кеңесімен түрлі дәрумендерді жеу арқылы баланың денсаулығы жақсарады. Ал, таза жүру, Құранды ашып оқу, намаз оқу, жақсы әңгімелер айту, біреуге көмек беру секілді жақсы істер баланы рухани жағынан байытады. Мұны көбі біле бермейді. Осы білмегендіктен бармақ тістейтін жағдайлар орын алуда.

Сондай-ақ, ананың ішіп-жегені халалдан болуы тиіс. Бұл таза тағам жеп отыру деген сөз. Харам етілген, естен адастыратын нәрселерді қолданбауы керек. Себебі мұндай тағамдар арқылы адамның ішіне шайтан кіреді. Құран Кәрімде: «Ей, адамдар, жер бетіндегі таза және адал нәрселерді жеңдер» деп бұйырылады. Арақ, шошқаның еті, шұжығы, яғни харам бар жерге періштелер жоламайды. Өкінішке орай, осындай әңгімені жүре-бара тыңдайтын ата-ана баласының жақсы болып өсуін уысынан шығарып алып жатады.
ПЫ/СЫ: ГУГЫЛ АМАН БОЛСЫН
User
Қайырбектің жазғанын оқып жатырып:қалай күшті қылып жазған дебат-сам.ПЫ/СЫ-сын оқып нәски ылғалданып кетті :)(((((((
khairbek
өнер алды қызыл тіл
Kan
Сізде мен секілді көбіне ата-ана жауапты дейсізғой баланың тәрбиесіне.
ereke_enu
Келісем. Бірақ, өзімнің балам болмаған соң, не айтам?.. Жеке басыма көп әсер еткен әкем және көше. Ауылдың мұғалімдері бізбен еш жұмыс жасаған емес. Бірақ, оқушыны тәрбиелейтін, көкіректегіні от қылатын мұғалімдер бар.
beko
Мәссаған, мынадай үлкен, маңызды тақырып қозғап отқандарыңызға қуанып отырмын.
Кан? Бір нәрсеге қадалу да болмас, оған бірнеше фактор әсер етпей ме?
Қазіргі уақытта үйленбегенмін, бала шаға жоқ, бірақ бұл туралы ойым келесідей:
Бала тәрбиесіне әсер ететін, айтылғанның бәрі, яғни құрсаққа пайда болмай жатып, ата-анасының ішіп-жеу, қимыл іс әрекет, сүрген өмірінен бастау алатыны, сол ата-анасының өз тәрбиесінен десем де артық етпес, содан өмірге келгесін, баланың айналасы, көрген, сөйлескен, қоршаған орта. Оның ішіне теледидар, білім алатын ордасы т.б. Ерекше етіп, Ислам дінінің тәрбиесі, ұрпақ шежіресіндегі тектілігін де бала тәрбиесіне негізгі байланысы барын жаза кеткім келеді.Қысқа қайырғаным осы.
Kan
Дұрыс әрине қатып қалған қағида жоқ. Әйтседе кісінің бәрі бала болған. Балалықтың әсері мен әселі әркімде әр қалай. Біздің табалмай жүрген мәселемізде сол баршаға яғни тәрбиеге ортақ дүние таппай дау болып жүр емеспіз бе.
yesbolat83
Бала тәрбиесіне ең алдымен ата-ана жауапты. Бірақ, мектеп мұғалімдері де оқушысының тәрбиесіне аса жауапкершілікпен қарағандары жөн.
Kan
Мұғалімнің немесе қоршаған ортаның бала тәрбиесіне еш қатысы жоқ деп айтпаймын. Бірақ әр ата-ана өз баласының баратын мектебін өзі таңдайдығой. Балаға тек матиралдық жағынан жасау өте әбестік. Оның рухани жағын байытатында ата-ана. Әрине бұл менің пікірім. Кәзіргі заманда. Қоршаған ортаның әсері әлде қайда басым сияқылды. Мұғалімде ата-анада балаға жаман болсын деп арақ ішкізіп, темекетартқызбайды. Бар жаман нәрсені бала даладан яғни көшеден үйренеді. Өкініштісі сол көшедегі бұзақыныңда мұғалімі, мен ата-анасы біз.
ereke_enu
Балам болса, оның достары менің достарымның балалары болғанын қалар едім. Ұл-қыз алмасып, аралас-құралас туысқан болу..."Әкелеріміз, аталарымыз дос болған" деп жүреді керемет қой)) Аллаһ соған жеткізсін...армандап кеттім
бәрі тәрбие мен текке байланысты. қоршаған ортамыз екінші санатта, меніңше…
Jako
Өте тамаша пікір.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.