Амалсыз ашынғаннан айтасың....
Өз ойым /
Айтаберге кірерін кіріп алып, айтар дүние таппай, амалсыздан оқырмандардың қатарын көбейтіп отырған вертуал өмірдегі достарым, кеш жарық! Соңғы кездері қара көз қарындастарымыздың біз, яғни еркек кіндіктілер туралы "олардың барлығы ұсақ, жел итерсе құлағалы тұрған әлсіз, бойында еркектік қасиеті жоқ, намыссыз, құр ит аузына ағаш тығып жүргенше бір уақ спортпен шығылданбайды ма" деген сөздері құлағымның етін жеп бітті. Шыны керек кейбір қалада тұратын ақ саусақ, қуыс деуде, кейпі еркектен гөрі қыздарға көбірек келіңкірейтін, өздеріне адамды гөрі, әтешке еліктегенді абырой санайтын(шаш қойлымдары) ұлдарды көргенде қаным басыма шабады. (Әтештен садаға кеткірлер!) Әсіресе белі мен бұтының шекарасы бекітілмеген, өзге десе өзін ұмытатындарын көргенде. Сұмдық. Десе де ШЫНДЫҚ! Тым құрымағанда тұрағынан таяқ тастам жердегі тот басып кеткен турникке неге тартылмайды екен дейсің. Әйпесе қалада не көп әр көше сайын ашылып тұрған түрлі дайындық залдары. (Бұрымды жігіттер туралы тіпті жақ ашқым келмейді!) Басқалары демеймін, дәл осы еркектігін етексіз киімі ғана айқындап тұрған жігіттерде Намыс деген нағыз керек қасиеттің жоқтығына сенімім мол. Себебі сөйлеген сөздері қазақтың тілімен еш сәйкестігі жоқ! Өз тілі аузын ойып жүргендей, ұртынан орысшаға орын тауып берген! Осылай тізіп айта берер болсам жіп шыдамас! Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді дейді ғой. Көрде жатқандар кебінге оранғанда көзімізді оймасын десек, тектілердің тұқымы тоқырауға ұшырап тентіреп кетпесін десек, қыз текелікті өзіне абиыр санап жүрген тексіздерді тезірек тезге салайық.
31 пікір
* ұялып тұрмын.
Өткенде қоғамдық көлікке міндім, ия, сол баяғы көліктің жыры ғой. Сонымен, артқы жақтағы бос орынның біріне барып отырдым. 1-2 аялдамадан кейін үлкен ер кісі мінді, артқы жақтан мен тұрып орын бергенше, алдыңғы жақтан бір апай орын берді. Енді әлгі апайды тұрғызып қойып, өзің отырмайсың ғой. Қасымда өзімнен 2 курс кіші студент қыз бен жігіт отырған еді. Тұрмады, қызды қоя берші, жігітті айтам да. Өзім тұрдым бірден, сонда апай: «Жігіттер няғып отыр, қыздарға тұрып орын бермей ме екен?!» деді. Дәл жанында отырып айтса да, әлгі жігіт міз бақпады, "қажет емес" деп мен де ыңғай білдірмедім сосын. Мұндай оқиғалар көп қой, көп жағдайда көз жұма салам. Сыйламаса сыйламасын, қол-аяғым аман болсын деймін, шүкір ғой әйтеуір.
Өз басым, жігіттің тап-таза, үтіктелген, жағасы қақиып тұратын ашық түсті көйлек киіп, қырын шығарып үтіктеген шалбар мен кәстөм кигенін қатты жақсы көремін. Кәәәәәдімгідей ғашық боп қалуым да мүмкін :))) Галстук не бабочка тағып алса уащее құлайм ғой :)) Футболка, мынадай шалбарлар, труба джинсы киетіндерді көрсем ((((: әсіресе университетке осылай киініп келетіндерді түсінбеймін.
универге басқа киім жоқтай кастом шалбармен баратындарды түсінбим қайта. ондай показуханың не керегі бар екен.
Пысы киімге табыну онча жахсы хасиет емес
«Еркіндік» дегенде осыларға антоним ретінде айтқаным ғой, оны енді өзің түсіндің
Бірақтан онымен еркін жүре алмаймын өзім, әсіресе сол бітпес жыр болған қоғамдық көлікті неудобно))
Күннің ыстығында мүлдем ыңғайсыз, қара шалбар ыстық тартады, шаң болса кетуі қиын, машақаты көп қысқаша айтқанда. Ал галстукті бір мероприятиеда болмаса ол да ыстықтатады.
Кейбір ап-арық мойны шүңкиген балдарымыздың үстіне мешок кигендей кәстөм киіп алатындары да жынға тиеді. Адамға, қылығына жүріс тұрысына байланысты шығар. Толстовкамен, джинсимен де өзін солидно ұстай алатын жігіттеріміз баршылық.
Қыздар қауымы емес, осындай дүниені жігіттер жағының бір-біріне үйреткені де жөн екен… Жарайсың ДАРЫН...Спортзалдың есігін тоздырып жүргендер не тындырып жүр екен?! Иә, жігіттер жігіттік қасиеттерін жоғалтып барады. Бірақ жоғарыдағы крітерийлердің оны бағалауға түк те қатысы жоқ!