Контрактниктер көбейсе

Өз ойым /


Әскерге қатысты не дүрлігіс басталғанын түсіне алмай жатырмын.

Әмірикадан келсем, балдызым екі айлық бір әскери жаттығуға барамын деп құжаттарын жинап жүр. Оның алдында Сәтпаевтағы шахтер бір інім: «Жұмыс, анау-мынау дегенге қарамайды. Екі айлық учебкаға алып кетті» деген.

Алматыдағы достарым «Сол учебкаға әскери кафедрада оқығандарды да шақырып жатыр. Жыл сайын әртүрлі взводты шақырады» деген. Очм, білмедім. Бізде көбіне огневаая подготовка болатын. Мылтық аттық. Одан бері екінші рет тирдің мылтығын осы жазда қолыма ұстадым.

Енді Астанадағы танысым «Келісім шарт негізіндегі әскери қызмет» туралы мақала жазып берсең қалай болар екен деп қиылды. Шамасы блогшылармен, журналистермен ынтымақтасып жұмыс істейтін бір жобаны қолға алғалы жатқан тәрізді.



Өз басым әскери адамдарды ұната бермеймін. Басты себеп — былапыт сөзді көп айтады :) Универде жүргенде аптасына бір рет военкаға баратынбыз. Мен үшін сол да жеткілікті. Қырсық қылғанда военкамыз Жұма күні еді. Құдай сәтін салып, иманжүзді оқытушылар жұма намазға барып келуімізге қарсы болмайтын.

Ал егер, шынымен де әскери қызметкер атанамын дейтін болса, жақсы бір жағдайлар жасап жатқанға ұқсайды. Маған жеткен ақпараттарда:

1. 80 мың мен 150 мың арасында айлық береді екен.
2. Пәтерді өздері тауып береді немесе пәтердің ақшасын өздері төлейді
3. Медициналық сақтандыруы бар
4. Зейнетақы қорына ақша аударады
5. Жылына бір рет отпуск береді
6. Балаларын балабақшаға орналастырады т.с.с.

(маған жіберген брошюрасын тапсам, жариялармын)

Әзірге есімде қалғандары осылар.

Келісім-шарт бойынша әскери қызметке барғыңыз келсе, мына бір жазбаны қарап шығуға кеңес беремін. Қандай құжаттар керек, қай кеңсеге бас сұғу керектігін толық жазылған екен.

Ағалары әскериде жүрген достарымнан сұрасам: «Иә, әскерилерге мемлекет тарапынан жақсы жағдай жасалады» дейді.

Жалпы, әскери қызмет келісім-шартқа ауысып, жұмыс тауып беріп жатса жақсы. Әрине «но»-сы да бар. Онсыз бола ма?! Кеше FB-да Әбіләкімнен осы туралы сұрап едім. Біраз жайтты айтты. «Дуб» деген қызық бір термин де естідім :)

12 пікір

Yasin
Биыл жазда менің інімде құжаттарын жинап келісім шартпен жұмысқа орналаса деген, содан не керек кешкісін облыстан хабарласып тұр ауғанытанға немесе африкаға барамыз деп анам қой деп қайтарып алған айлығы 70 000 USD бір жағдай бола қалса (өліп кетсе) үйленген болса отбасына бойдақ болса ата-анасына беріліп тұрады екен сол 70 000 USD өзге елді қорғағанша өз елімізді қорға деп алып қалдық
urimtal
Мдааа. Бұнысын естімеппін. Бір досымды әйтеуір араб тілін білесің деп, кезінде Ирақка алып кете жаздағанын білемін.
qarasaqal
2 досым қызмет етеді. Әскерден кейін қалып кетті. Жаман емес әзірге. Екіншісіне жас отбасы деп үй берді. Оның үстіне үйленгендердің шені тезірек көтеріледі деген сияқты нәрсе бар екен ғой. Өзіме 4 рет шақыру келді. Қалғанын білмеймін :)
urimtal
Иә, негізі шынымен осы салаға маманданғысы келетіндергі жақсы жағдай жасалып жатқаны қуантады.
yesbolat83
Адам баласы еліккіш келеді ғо. Военкада оқып жүргенімізде бір орыс ағайымыз (подполковник) лекциясын мықты айтатын еді. Осы кісінің әрбір айтқан сөздерін тыңдағанда менің жүрегім елігіп, әскери психолог боп жұмыс істегім кеп кететін. Бір-екі рет әскери боп кете жаздағам.
Жақсы мамандық!
urimtal
Сіздің де оқытушыңыз орыс тілді болған екен-ау. Менде де бір подполковник болған. Былай сабақты жақсы түсіндіретін еді. Өз сабағын шын беріліп түсіндіретін сондай оқытушылар шынымен де құрметке лайық!
Jako
Мемлекет болғанан соң күшті әскері болған жақсы, әрі одан ақша аямай,қаржыландырып отыру керек деп ойлаймын."Өз әскеріңді асырамасаң, өзгенің әскерін асырауға тура келеді"-дегенді ешуақытта ұмытпау керек.Өз Отанының ұлымын дегендер әскери болудан қашпағаны дұрыс болар еді.Әскери адамдар әрқашан құртетке лайық деп ойлаймын.
urimtal
келісемін. Жөн сөз!
Kan
Аға ойыңызды жақсы жеткізіпсіз ұнады маған.Мемлекеттің негізгі саясаты бырыңғай жалдамалы әскер құру ғой. Жылсайын жаңа әскер жапдықтағанша. Тұрақты әскердің болғаны жақсы емес пе. Жалпы кейде осы мұғалімдікті тасап әскери болып кетсем ба деп ойлап қоямын.
ereke_enu
Военка демекші, есіме басымнан өткен бір оқиға түсіп кетті. Военкада полевой поход па еді, вобшым, айдалада бір әскери бөлімнің қасында 4 палатка тігіп, бір ай жаттық. Компьютермен құшақтасып жататын студент үшін бұл сұмдық азап. Арасында ауырдым деп сылтауратып қалаға кеп кетіп жүрдім. Сондай бір «отгулдардың» бірінде бір балабақшаның жанынан өте беріп едім, сондағы бір топ балдар «солдат! солдат» деп шуылдасып, біреулері «честь» беріп, мен үстімде әскери форма, басымда бирет сол жүрісіме қатты ұялып кеттім іштей.
yesbolat83
Военка аптасына бір рет әр сейсенбі сайын болатын. Менің де үстімде әскери форма траллейбуспен Розбакиева-Утеповаға қатынайтынбыз. Айтпағым, жетісіне бір рет военная формасын киіп өзімді әскеилерше сезінетінмін. Траллейбустағылар да асқан сыйластықпен қарап, тіпті кейбіреулері жастары үлкен болса да орын беріп жататын.
Қайран, студенттік шақтар!
Негізі, әскери болуды армандаған кездерім де болған.
Manshukn
Менің бөлем әскерден кейін келісім шартпен қаламын деген. Айлығы 60 000 болған соң (ол үшін аз болған шығар) қайтып кетті ауылға.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.