Бар шындық осы! Басқа нұсқасы жоооооооқ!

Өз ойым /

Өзінде бәрі ғажаптың,
Көзінде көркем әдемі!
Ақиқат жалғыз —
ҚАЗАҚТЫҢ ҚЫЗЫНЫҢ БӘРІ ӘДЕМІ!!!

Иә, иә! Тап осылай. Қазақтың қызының сұлулығына тең келер, таласар дүние жоқ! Сұлу десе көз алдына 170 сантиметрден асатын бой, 90-60-90 дене бітімін, ботадай көзі, найзадай кірпіктерін қағып тұрған, шиедей ерні, сүйріктей саусақтары, ақ құба терісін, иығынан төгілген қою шашын елестетіп отырсыз ба? Ендеше қателестіңіз! Басқа қандай сұлулық болуы мүмкін дейсіз бе? Мүмкін. Бәрі де мүмкін. Жоғарыда айтқандарымнан да асқан сұлулық бар. Ол мынадай. Ең әуелі қазақ қызы мейірбандылығымен сұлу. Сосын, ізеттілігімен сұлу. Нәзіктігімен. Қамқорлығымен. Ақылдылығымен. Қазақтың қызы бір ғана ауыз сөзімен ешқандай да қалың тон, шапан, қалың көрпе де, тіпті жанып тұрған от та жылыта алмас көңілді жылыта алады. Бар болғаны жылы сөзін айтса болғаны. Немесе қазақтың қызы қараңғы бөлмені, кез келген қараңғы түнекті жарқырата алады. Сәуле шаша алады. Ол үшін жәй ғана күлкісі жетіп жатыр. Айналаның бәрі жарқырап, жадырап қалады. Ал, қазақтың қызы ас әзірлесе қолыңмен жеп отырған асыңның соңынан саусақтарыңды қосы шайнап жіберуге болады. Рас айтам. Ал, ол ән салса дүниедегі барлық тірлік ұмыт қалады. Атыңды да ұмытып қалуың мүмкін. Так, что байқа))) Қазақ қызынан өзге төзімді қыз болмайды. Оның төзімділігі шойындай. Болаттай берік. Тастай түйін. Онша-мұнша соққыға шайқалмайды. Соққы бергеннің өзі ұшып кетуі ғажап емес. Айта берсем бітпейді… Бұл сұлулықтың ақыры жоқ. Бұл сұлулықтың теңі де жоқ. Оны тек көру керек. Сезу керек. Сүйсіну керек. Бағалау керек. Кез келген қыздың, қазақ қызының бойында сұлулық та салқындық та, сабырлық та шыдамсыздық та, даналық та ақымақтық та, батылдық та қорқақтық та, сезімталдық та салқынқандық та, парасаттылық та таяздық та табылады. Қайсысын бірінші оятсаңыз соның рахатын, дәмін татасыз. Ерік, қалау, таңдау өзіңізде.
P.S. ҚАЗАҚТЫҢ ҚЫЗЫНЫҢ БӘРІ ӘДЕМІ!!! Қайда барсаң онда бар! Бітті!

10 пікір

zhano_almuhambet
Менімен келісетін шығарсыңдар ҚАЗАҚ ҚЫЗДАРЫ))))
Korkem
Ох, міне, міне! Ғажап пост! Өте дұрыс айтасыз!
zhano_almuhambet
Рахмееет! Иә, біз сондаймыз ғо бәріміз))))
yesbolat83
Ал, қазақтың қызы ас әзірлесе
құлағыңды кесіп алса да білмейсін.)

ҚАЗАҚТЫҢ ҚЫЗЫНЫҢ БӘРІ ӘДЕМІ!!!
Келісем.
zhano_almuhambet
О рахмееет, Есболат! Қазақ қыздары енді осындай енді… Басқаша бола алмаймыз ғо)))
Kan
Қазақ қыздарының әдемі екенінде сөз жоқ. Бірақ бәрі деген сөздеріңе келіспеймін олай өтірік айтпаңдар. Астананың қаппасы яғни темір жол вакзалында тәнін сатып түрған сол қазақтың қыздары емес пе, баласын жетімдер үйінің алдына тастап кетіп жатқанда қазақ қыздары. арақ ішіп көшеде құлап масқара болып жүргенде сол менің қарындасым. Эрортикаға түсіп,ұятты жерлерін жарнамалап жүргенде қазақтың қара көз қыздары.
Былтыр бір сұмдықты көріп жағамды ұстағанмын. Бір топ қазақ қыздары жалаңаш суреттерін сатып содан түскен ақшаны жетімдер үйіне береді екен. олар сол ісін мақтаныш қылып телеарнадан айтып жатыр. олардың ішінде халыққа белгілі әнші қыздарымызда бар. Айта берсең сұмдық көп. әрине көпке топырақ шашпаймын бар жақсы қыздар әйтседе барін бірдей мақтай алмаймын. әрі жігеттерде жетісіп тұрғанымыз шамалы.
zhano_almuhambet
Мен оларды қазақтардың қатарына қоспаймын! Мәңгүрттер ғо.
VVVWWW
Неоднозначно мақала!!!
aseleka
Мен қазақ қыздарына қайран қалам, Жанары, жаны жаздай жайраңдаған… Қыз өссе елдің көркі деген сөзді, Қабысыз қалай айтқан қайран Бабам… Қыздардың қылығымен өмір қызық, Қыздардың ғұмырымен заман құтты… Деп Нұрлан Өнербаев ән шырқаушы еді… Қазақ қыздарын аталарымыз қашанда биік ұстап, аялаған… Ал қазіргі жағдай заман ағысы деп ойлаймын… Тәнін сатып жүрген қыздар еліктеу ауруына шалдыққан… Саналы Аруларымыз баршылық, шүкіршілік етейік…
zhano_almuhambet
Иә, иә! Мен де осыны айтып отырм ғо. Арулар бар! Қазақ арулары! Саналы! Салиқалы! Сансыз шүкір! Ал, «дүбәрәлар» қазақтарға жатпайды!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.