АльхамдулиЛлях...

Өз ойым /

Қыс мезгілі… Ағаштардың жапырақтары жалаңаштанып, аппақ қарға оранып алған. Жерге ақ кілем жайып қойғандай керемет болып тұр. Осындай табиғатқа сұлу көрініс берген Аллахтың құдіреті қандай күшті еді! Осындай әдемі көріністі тамашалауға адамзат баласына көруге мүмкіндік берген Аллахтың ұлылығы мен дархандығы қандай кең еді! Ал өзінің ең жақын бауыр еті баласын, анасын бұл өмірде көре алмай жүрген зағип жандар қаншама десеңізші… Таудан құлай аққан судың дауысы мен сөздердің ең көркемі, маржаны, асылы болған Аллах сөзін естімей құр қалып жүргендер қаншама. АльхамдулиЛлях, Аллах бізді сансыз сыйы мен нығметіне бөлеп, есту мүшемізді берді. Аллахтың құлына деген мейірімі мен шапағаты қандай кең еді… Он екі мүшемізді сау етіп беріп, ең жақын адамдарымыз, туыстарымыз, достарымызды қасымызға жіберді. Жалғызсырағанда сырласатын, дуа-тілектеріңді қабыл ететін, басқа мақұлықтардан ажыратып адам баласына ой-сана берген, қанша жаман қылықтарға періштелердің жазып жатқан кітабы толса да, күнделікті ризығыңды беріп жатқан Ар-Раззақ (Ризықтандырушы), ал-Ғаффар (Кешірімді), ал-Халим (Жылылық Иесі) Аллахқа мен неге сәжде жасамаймын?!..

2 пікір

Kan
Тамаша. Иманың арта берсін.
yesbolat83
Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.