Өткен жылға өкпе жоқ!
Өз ойым /
Сіз өзіңізден есеп аласыз ба? Абайша айтсақ, тым болмаса аптасына өзіңіз істеген іс-әрекетке сараптама жасайсыз ба? Қанша тырыссам да осылай өз-өзіммен есептесуді үйрене алмай-ақ қойдым. Мен тек дүйсенбі болғанын, сосын жексенбі туған күнді ғана білемін. Соншалық уақыт жылдам өтетін қандай құдірет десеңші. Адам уақыттың құлы екені де рас-ау. Міне, көзі ашып жұмғанша 2013 жылды аяқтамақпыз. Осы жыл несімен сіздің есіңізде қалды?.. Осыдан бір жыл бұрын жазған күндегілімде 10 басты мақсатты жоспарымды оқыдым. Қарап отсам, оның 3-і орындалмапты. Алайда, оның орны өзгесімен толыққандай сараптап қарасам. Өзімді рухани жақтан жақсы жетілдірдім деп ұялмай айта аламын. Өйткені әлемдік және қазақ классиктерінің әдебиеттерімен жақсы таныстым. Ағылшынымды аз-маз сүйреледім.(Бірақ орындалмай қалған тізімде бұл әзірге). 4 жылдық алған дәрістерімді толықтай жаптым. Яғни, соңғы семестрді ойдағыдай аяқтадым. «Қызылға» үміттімін. Әзірге мамандық бойынша жұмысқа да орналастым(құжат жүзінде 2014-тің несібесіне қалып отыр). Пайда табатын өзге жұмысым тағы бар)))Оған да шүкір. Қуаныш пен қайғыда жан ақтара бөлісетін құрбыларды таптым. Аллам амандық пен бақ-береке берсін оларға. Отбасымда өте жақсы. Қысқасы өткен жылға өкпе жоқ. Келер жылға үміт көп… Ел аманда, бейбіт заманда табыстарға жете берейік!
4 пікір