Бұл қандай қасиет?

Өз ойым /
Жер бетіндегі жаратылыстың ең көркемі, ең ақылдысы, ең еңі ол әрине — АДАМ!!! Оның жаратылысының өзі үлкен бір тарих. Баршамызға белгілі адам тән мен жаннан тұрады. Тән көзімізге көрінгендіктен оны біршама мадецинаның саласына салып зерттедік ұғындық, түсіндік яки хабарымыз бар. Ал енді жанға «рухқа» келгенде ойларымыз әртараптанып келіспеушіліктер пайда болады! Бұл дегеніміз әлі де ашылмаған сырлары көп адам мінездері мен қасиеттері бар. Солардың бірі елестету. Мен айтып отырған елес, «сағым» емес! Оны төмендегіше түсіндірер едім.
Мәселен: Айтабер.кз-те мен 2-адамнан басқасын шынайы өмірде көріп сұхбаттасқан емеспін алайда, сіздердің жазбаларыңызды оқы отырып, сөз таңдау шеберліктеріңізге қарай отырып өз көз алдыма бір бейнені және сіздің дауысыңыз осындай шығар деген ойға еріксіз келемін! Бұл қандай қасиет еріксіз «фантазия» ма? Әлде бұның ғылыми түсіндірмесі бар ма? Адамды осыншама дәрежеде ұлық еткен Аллахқа шүкір!!! Ой бөліссеңіздер! Рахмет!!!

20 пікір

Madi
Мысалы, мені қандай адам деп ойлайсың жалпы? Сөзіме қарап? Айтшы? Жай, қызық.
akil_kalta01
Oner_adamy атыңа қарасам өнерлі болуға тырысасың! сенің жазған посттарыңды оқығанда даусың мен үшін бірқалыпты шыққан сияқты болды! сөйлегенде эмоцияны ұмытып бірқалыпты сөйлейтін сияқты көріндің. Аватардағы суреттегі адамға ұқсатпадым.
Madi
эмоцияны ұмытып дегенді қалай түсінуге болады?
akil_kalta01
Мен дәл тауып айтамын дегенім жоқ, солай елестетемін жазғандарыңды оқып!!! Дауысың жай бірқалыпты шығатын сияқты.
monti_1990
ия, мен де сен сиякты елестетіп жүремін. Алайда көрген кезде мүлдем басқаша болып шығады
qyrmyzy
Ал мені ше?? Қалай елестетесің??
monti_1990
Сені бір тентек оқымысты деп елестетем
akil_kalta01
monti_1990 өз ойыңмен бөліскеніңе рахмет! Ал мен сені шыншыл әрі ойланбай сөйлейтін адам деп елестедеді екенмін. Өкінішті-ақ!
akil_kalta01
Шынымды айтсам сенімен сөйлескенде орта бойлы сары қыз елестейді және даусың ашық, және көп күле беретін қыз елестейді.
calendula
Иәә, мені де бір қатал адам сияқты елестетер деп, жұрттардың қателерін шығаруға ұялып жүрмін, әйтпесе тұнған қатені көргенде «Мектепте не істеген?» -деген ой маза бермейді. Қызық, мені қалай деп ойлайды екенсіз)))
qyrmyzy
«Мектепте не істеген?»
ық ық, қатырдың
calendula
Чын ғой))) Мектепте сабақ оқитын сияқты еді, бұлар не істеген екен ааа??)))) хех
Madi
химик қызым-ай.
akil_kalta01
calendula мен сенімен бір құпиямен бөлісейін. Егер өмірің шынайы болсын десең ешқашанда біреудің сен туралы қалай ойлайтынын ойламай керісінше өзіңнің қандай болғың келетіндігі жөнінде ойлан және соған әрекет ет!
calendula
Қайдам-ау, құпияңыз микроблогқа жазатын немесе статуста тұратын, тек орыс тілінде болатын сөздер сияқты екен) Рахмет)
ardak1996
ия, адамды көрмей тұрып, есімін естігенде көз алдыма еріксіз бір бейне келе қояды.
qyrmyzy
Онда былай етейік, әркім өз фотосымен таныстыру жазсын.
akil_kalta01
иә, ол да болады. Дегенмен, сенің аваңдағы сурет өзің екеніңде күмәнім жоқ! Бірақ дәл 19 жыл бұрын түскенің болмаса.
mairosh
Адам бір бірің көрмесе де сұхбаттаса отырып ол адамның қандай екенің білуге болады. Бұлда Аллахтан бізге берген бір қасиеті. Дұрыс айтасың адаммен сөйлесіп отырып оның бейнесі көз алдымызға келеді. Кейде мұны адамның қиялы деп те айтуға болатын сияқты
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.