Спанч Боб
Ең мықты суретші, ол – ең үздік психолог. ©
Кімде-кім үміттенбесе, ештеңені қаламаса, ештеңеден қорықпаса, онда ол ешқашан суретші бола алмайды. /А. Чехов/
Айтпағым ол емес… Барлықтарыңызға «Sponge Bob» деген атпен белгілі Губка Бобты таныстырмақпын. Губка Боб – түр жағынан асханада ыдыс жууға пайдаланатын губкаға ұқсас болғанымен, ол теңіз губкасы. Оны басқадан тез ажыратып алатын ерекшеліктері: үлкен көк көздері, денесін қаптаған тесіктер және аузынан шығып тұратын екі үлкен тісі мен бетіндегі сепкілі бар ойығы. Әдетте, оның үстінде қысқа жеңді ақ көйлек, қызыл галстук және қара белдігі бар төртбұрышты қоңыр, қысқа шалбары болады. Аяғына ақ жібі бар қара бәтеңке мен қызыл, көк түсті сызығы бар шұлық киген. Бұл персонажды американдық теңіз биологы және аниматоры Стивен Хилленберг ойлап тауып, актер Том Кенни дыбыстаған.
Ошым, қалғанын гугл әжелерің айтып берсін. Әңгіменің қысқасы, осы персонажды мен қабырғаға (иә, иә, кәдімгі үйдің ішіндегі қабырға) бейнелемек болдым. Алдын-ала ескерту: ешқандай да суретші емеспін, жәй қызығушылық һәм тәжірибе. Сонымен суреттер сөйлесін…
1. Керекті құрал-жабдықтар: түрлі-түсті гуашь, бояу жағатын қылқалам, акварель және әр түрлі түс шығару үшін ақ парақтар қажет.
2. Жазда жер үйде тұратын қауымның көбі жазғы үйлеріне (времянка) шығады. Бізде де дәл солай, көктемде жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Анамның рұқсатымен сондағы бір бөлменің қабырғасына сурет салмақ болдым.
3. Алдымен қара гуашьпен салатын суретімнің нобайын сызып шықтым. Суретті 3-4 рет қана көргенім болмаса, қалғанын ойша сала бердім.
4. Сызған суретімізді түрлі-түсті бояулармен бояуды бастаймыз.
5. Мен түстері қанық болсын деп екі реттен боядым. Жұмыс уақыты тура 2 сағат 15 минутты көрсетті. Міне, дайын болған сурет!
Осымен жұмыс бітті, алғашқы тәжірибелік мақсатта салынған суретім болатын. Алдағы уақытта күрделірек туындыларды салу ойда бар. Бастысы демалыста уақытты тиімді пайдаланып, сонымен қатар үйдің де сәнін жақсартуға болады. Дәл осылай балалар бөлмесін, қонақ күтетін бөлмелерді әсемдеуге болады. Бұл жұмысқа қызығушылықтарыңыз болса жасап көріңіздер, сәттілік!
Пы.Сы. Кейбір элементтерін салуды ұмытып кетіппін, оны кейіннен ғаламтордан суретін көргеннен соң білдім. Әлі де толықтырулар жүргізіп, жан-жағына Бобтың достарын да салармын бұйыртса. Асығыс аударылып, жазылды. Қателіктер болса алдын-ала кешірім сұраймын, түзетуге әзірмін.
26 пікір
нені аудардың?
скайпта «нестеп отсың, нестеп отсың» дейсің, міне, фотоға түсірдім!
:))) Қайдан білейін, төбелес боватр ма деп қалдым ғҰә :))
бөлісермін