Шідерлі, шерлі құлын жүрек.

Сендегі көңіл атты жайлаудағы,
Мендегі құлын жүрек байлаулы әлі.
Келер деп, бір келер деп, күтіп сені,
Амалсыз қазығында айналады.

Сен кеткен жолға ұзақ қарайлайды,
Ойлары мен қиырды аралайды.
Сенің ізің түспеген көптен бері,
Жайдақ жол жанын оның жаралайды.

Көрмеп ем мұншалықты бұрын жүдеп,
Ойнақтап отқа өзім ұрындым кеп,
Ғашықтық дерт екен ғой емі қымбат,
Шыдашы қиналсаң да құлын жүрек.

Құдай-ау, айтшы мына маңдайға,
Сүйгеніңді мәңгі күту жазылды ма?..
Тезірек кел, тезірек, десең егер,
Мерт болмасын оралып қазығына

Автоы: Х

6 пікір

maulen
Жако, керемет, шынымен ғашықтық деген…
qyrmyzy
Рубенский стиль детектед! Керемет! Екі қайтарып оқып түсіндім
kema
kim jazsa da kopten munsha tamasha olendi okymagan!!! Tilge jenil, jurekke jyly, tep tegeis jumyrly kelgen ainalasy!!!
qyrmyzy
Мендегі құлын жүрек байлаулы әлі.
керемет, иа?
AyKoN
tamawa! teneulerdi kyistira koldana bilu de oner!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.