Студенттің махаббаты

Поэзия, менімен егіз бе едің?! /
О, шіркін, тағы да күз келді.
Оқу жыл басталды шамасы.
Студент боп жүрген біздерді,
Күтеді Алматы қаласы.

Еншімде қап қойып елес ой,
Жаз бойы күн санап шаршадым.
Ой, қойшы, оқуды емес қой,
Өзіңді көрсем деп аңсадым!

Сен менің сырымды білмейсің,
Сондықтан жүрегің сезбес түк.
… О, ғажап, алдымнан Күндей шын,
Сен шықтың,
Біз міне кездестік.

Сәлемнен басталып сөз басы,
Әңгіме сабаққа ауысты.
Деп жүрек:
«Бір сезім қозғашы»
Сәт санап шыдамды тауысты.

Бос уақыт өтсе де бөлек боп,
Әйтеуір сабақта біргеміз.
Мен соған ризамын ерек көп,
Кездесіп жүрміз ғой күнде біз.

Бір сезім бар болып демімде,
Мен бүгін іздедім анық шын.
Сағынта түсейін дедің бе?
Сабаққа сен келмей қалыпсың.

Себебі бар екен бұл істің,
Кездесіп отырсың өзгемен.
Ал мені көрмеуге тырыстың,
Бір сұмдық боларын сезген ем.

Үзілді сенімнің үміті,
Көрдім ғой бұл шындық, анықты.
Үшінші курстың жігіті,
Беліңнен құшақтап алыпты.

… Мен үшін атады әлі-ақ таң,
Періштем боп қалшы жаны ізгі.
Сен үшін әлдебір сабақтан,
Махаббат мың есе маңызды.

Айбар Ермекқалиев

10 пікір

Ademi
Студент кезде, шынымен, сабаққа емес, сол бір трмз жігітті көруге асығатынмын. Керемет өлең!
qyrmyzy
ық ық, осы өлеңді бір жігіт оқып жіберсе...үнхабарға қосатын ем…
qyrmyzy
кейбір жақсы посттардың жоқ болып кеткенін осылай түсінбіресіз бе?
qyrmyzy
Тек ер емес, бізді де қосып қойыңыз:)))
Троль болғанға не жетсін?!
Негізі, инетке жеке басыңа, көңіл-күйге байланысты жазбаларда нетпеген жөн:)
Kan
Керемет өлең! жарайсың!
pana
«Достық өлкесінің заңын» еске түсіреді екен, мектепте оқыған өлеңдерімді жақсы көрем негізі, тағы да жазыңызшы,
Zhassiko
На өлең жігіт тарапынан болса да, біраз ұқсастықтар болып, жүрегімді дір еткізді ғой..))
dimash
Сабаққа сен келмей қалыпсың. 
Себебі бар екен бұл істің, 
Кездесіп отырсың өзгемен.

Сабаққа бармай жігітпен кездесетін болса жаман емееес :)

Менде де бар группамдағы бір қызға мухахаббатизмім, хорошо что оны басқа жігіттің белінен құшақтап алғанын көргенім де естігенім де жоқ :)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.