Айтаберге ақ тілек

Поэзия, менімен егіз бе едің?! /
Көп болсыншы қуанышты шақтарың,
Тілекпенен ақ жүректі ақтардым.
Жаратқан бастарыңа нәсіп қылған,
Тепсе-дағы кетпесе екен бақтарың.

Мейлі бұным бұрыс десін жөн десін,
Бастарыңнан бақыт оты сөнбесін.
Жаратқаным сіздерге сый ғып берген,
Блогтарың мәңгі бақи өлмесін.

Арман-қиял ұштастырып тілекке,
Құштарсың ба сенде мұны білмекке.
Қөңілімнен орын тепкен Айтабер,
Бақыт сыйлап жүріңдерші журекке.

Айта берер тілек бар ақтарыла,
Бақыт құсы келіп қонсын бақтарыңа.
Ақ Аллама сансыз мадақ, мақтау болсын,
Сансыз шүкір Айтаберді тапқаныма.

11 пікір

Karlen
Ай. Жарайсың!
zhomart
сындым. (құшақтап, арқасынан қағып тұрған сымайл)
AyKoN
ағатайым жарайсыз! маған ұнааадыыыыыы
sultan_yerkebulan
рахмет
Jako
Жақсы жазылған тілек екен, айтқаның келсін!
User
Осы постты оқып отырып,қолдарым реагировать етіп, Сіз бұл блогтан кетіп қалдыңыз деген жазу шықтеее
pari
Тамаша! Мықты.
khairbek
мынауын жоскыго нәйчі
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.