Өзіңді аңсадым...
Еркелеп өбкен таң самалындай,
Бұлбұлдар бірге ән салғанындай,
Мекенін құстар аңсағанындай
Өзіңді аңсадым.
Арманым мені алып ұшқанда,
Көңілде кірбің сабылысқанда,
Елесің келіп тағы құшқанда
Өзіңді аңсадым.
Елестей бердің күндіз де түнде,
Мен үшін орның жұлдызбен бірге.
Аңсатып мені кете де бардың,
Қолыңды бұлғап сұр күз келгенде.
Жанарға шықтай жас толды да,
Санадым сені жат болдыға.
Қалдырып жолда кеткенде мені
Басыңа келіп бақ қонды ма?
Бұлбұлдар бірге ән салғанындай,
Мекенін құстар аңсағанындай
Өзіңді аңсадым.
Арманым мені алып ұшқанда,
Көңілде кірбің сабылысқанда,
Елесің келіп тағы құшқанда
Өзіңді аңсадым.
Елестей бердің күндіз де түнде,
Мен үшін орның жұлдызбен бірге.
Аңсатып мені кете де бардың,
Қолыңды бұлғап сұр күз келгенде.
Жанарға шықтай жас толды да,
Санадым сені жат болдыға.
Қалдырып жолда кеткенде мені
Басыңа келіп бақ қонды ма?
14 пікір
Санадым сені жат болдыға.
Қалдырып жолда кеткенде мені
Басыңа келіп бақ қонды ма? — осы жолдың мағнасы нақты білінбегенімен, ауырлау емес пе?
Амал не сені сүйемін.
Тек сыртай ғана аңсап жүрейін,
Өзіңе ғана арқа сүйейін!