Әнші қызға

Өмір кейде қаласа мұңайтады,
Кейде өмір жараса сыр айтады.
Сол бір қызбен байланысты сияқты,
Өмірімнің гүлденер шырай бағы.

Сол бір қыздың шырқайтын ұнайды әні,
Есім кетіп тыңдаушы едім құлай-дағы.
Алла жазып жалғанда аман жүрсең,
Әніңді естіп талай жүрек жылайды әлі.

Есіл-дертім өзің болдың арманым,
Құдды саған байланғандай бар бағым.
Әлем толы қызықтар болса-дағы,
Өз-өзімді алдандыра алмадым.

Ерікті ессіз баурағандай бал әнің,
Тыңдағанда ес жия алмай қаламын.
Бақшасында шырқаған бұлбұлдарша,
Жүрегіме үн құюдан танбадың.
*** ***
*** ***
Қоятын көнер едім шартыңызға,
Белгілі бара алмасым алдыңызға.
Қоңырауға жауапты бермей-тұғын,
Бұл күндері жұлдыз боп қалдыңыз ба?

Мен үшін тең емессіз бар жұлдызға,
Жете алсам ғой зымыран боп қасыңызға.
Оқылғанмен өлең боп жалпыңызға
Бұл шумақтар тек қана әнші қызға!

3 пікір

pana
неге жақсы өлең ескерусіз қалған?
"Қоңырауға жауапты бермей-тұғын,
Бұл күндері жұлдыз боп қалдыңыз ба?" қатырыпсыз…
maulen
Керемет! соған қарағанда ғашығың әнші сыңайлығой! әйтеуір жұлдыз ауыруына шалдығып қалмаса болғаны!
Қоятын көнер едім шартыңызға,
Белгілі бара алмасым алдыңызға.
Қоңырауға жауапты бермей-тұғын,
Бұл күндері жұлдыз боп қалдыңыз ба?
қатты ұнады!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.