Бір мұң, бір өкініш

Алдымда менің Жауабын таппай сан сұрақ,
Бара жатыр көзден жастар тамшылап.
Бір періштем құтқарса ғой қол созып,
Көз тоймайтын жалғандықтан аршып ап.

Өкініш мені өртеп барады қамшылап,
Жылай алсам ғой өксікті басып жақсылап.
Тар мекен болмай кең дүние жатса көсіліп,
Жарылып жатыр жүрегім менің қансырап.

Өткен күндерді көз алдыма жаншып ап,
Ұшып барамын сонда да тұр сан сұрақ.
Аттанайын мекеніме мен мәңгілік,
Алладан тек иман жүзді хал сұрап…
(Өлімге аттанып бара жатқан жоқпын.)Айып етпеңіздер....

15 пікір

maulen
Наз өлеңініз керемет, дегенмен бұл өмірден соншалықты баз кешуге болмайды ғой?
User
Ыыыы сарапшыларды күтейік.
pana
керемет дер ме екен, әлде тереңдік жетіспейді дей ме, күтейік,
pana
а ля зар заман ақындарының өлеңі, өмір көңілді өлең жазатындай болмаса, неге бірінші көңілді өлең жазып көрмеске? мүмкін өмір де өзгерер? байқап көрсеңіз екен бірдеме істеп,
sultan_yerkebulan
Менің көңілімнен шықпады,қандай жағдайда тұрғаныңызды ұқпадым
NAZz
Кей-кейде пенде болған соң, өмірден түңілетін тұстар да бар емес пе?! Алайда бұл өткінші, бір сәттік сезім. Менің де сондай сәтте жазылған өлеңім еді. Тағы да айып етпеңіздер дегім келеді…
dimash
Пашему кешірім сұрай бересіз. «Даже если ты против всех, это не значит что ты не прав» деген екен атасы орыс.
Ондай тұстар болады менде де, Но өмірден түңілген сайын түңілдіре береді, сондықтан қайта қарсы тұру керек. Живи на зло другим :)
Ak123
Жасыңа қарамай мұндай өлең жазуыңа не себеп? көшіріп алдың ба деген күдік кеп жатр)
NAZz
Шын көңілден өлең жазсаң да жақпайсың, әйтеуір. Көңілді өлең де жазу келеді қолымнан. Алайда менің жан дүниеммен үйлеспей тұратын сұрықсыз өлең боп шығар, бәлкім. Өлеңді елдің көңілі үшін емес, өзім үшін жазамын, кешірерсіз.
Ak123
Кешірім сұрайтын түгі жоқ) Өзің жазсаң жақсы өлең екен, бірақ сенің жасыңа келмейд дегенім ғой.
NAZz
Жарайды келісемін
dimash
"Қайтып келген қыз жаман" АХАХАХА) қалжын ғой братан)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.