Үміт пен күдік...
Ақыры шықты-ау, көптен күткен шешімің,
«Ажырасамын!».
Қаһарлы неткен кесімің!
Асыққаның соншалық, жүрегімнің,
Құлыптамай кетіпсің ғой есігін.
Кездескендей сезімнің гүл бағына,
Асықтың ба өзгенің құшағына.
Әсіре қызыл тез оңар, абай болшы,
Түсіп қалмай тағдырдың тұзағына.
Шаршағанда өмірдің шатпағынан,
Бар кінәні аударып жатпа маған.
Көңіліңнің түкпірінде орын бар ма?
Бір жырың боп жатайын жатталмаған.
Сырларым көп өзіңе ақтармаған,
Тірлігім көп өзіңмен ақталмаған.
Мүмкін әлі, бір айналып соғармын,
Сыбағамды сүбелі сақта маған.
Көңілімде мәңгілік жаз шуақты,
Зәм-зәм судан ағыздым бал бұлақты.
Шаршағанда келіп бір демалсын деп,
Жасап қойдым жүрегімде жұмақты.
Келеңсізді жеңдіріп кемеліңе,
Ашу-кектің адамға берері не?
Жүрегімнің есігін жапқаным жоқ,
Үміттеніп қайта айналып келеріңе…
«Ажырасамын!».
Қаһарлы неткен кесімің!
Асыққаның соншалық, жүрегімнің,
Құлыптамай кетіпсің ғой есігін.
Кездескендей сезімнің гүл бағына,
Асықтың ба өзгенің құшағына.
Әсіре қызыл тез оңар, абай болшы,
Түсіп қалмай тағдырдың тұзағына.
Шаршағанда өмірдің шатпағынан,
Бар кінәні аударып жатпа маған.
Көңіліңнің түкпірінде орын бар ма?
Бір жырың боп жатайын жатталмаған.
Сырларым көп өзіңе ақтармаған,
Тірлігім көп өзіңмен ақталмаған.
Мүмкін әлі, бір айналып соғармын,
Сыбағамды сүбелі сақта маған.
Көңілімде мәңгілік жаз шуақты,
Зәм-зәм судан ағыздым бал бұлақты.
Шаршағанда келіп бір демалсын деп,
Жасап қойдым жүрегімде жұмақты.
Келеңсізді жеңдіріп кемеліңе,
Ашу-кектің адамға берері не?
Жүрегімнің есігін жапқаным жоқ,
Үміттеніп қайта айналып келеріңе…
21 пікір
Осы үміт дегенді жек көрем! Кеткен адам қайтып келмейді, меніңше. Күтпеңіз.
Ренжіме қалжың.
тамаша! Және Имангүл ханымның пікіріне келіспеймін, себебі азғантай кемшіліктер бар шығар, бірақ деуіңіз ерсі, егер буын мен бунаққа таласының болса Мұхтар Шаханов ағамыздың өлеңдеріне пікір айтыңыз!
тАЛАНТҚА ТАС АТУДЫҢ ҚАЖЕТІ ЖОҚ
ТАЛАНТТЫ МАҚТАЙ БЕРСЕҢ ӨЗІ ӨЛЕДІ деген.