Мендік өлең

Стильсiз, бағытсыз-ақ,
Жазылар шабытсыз-ақ…
Баспада басылмайтын,
Мүлде сыр жасырмайтын…
«Сыншылар» тұшынбайтын,
Байқауға ұсынбайтын…
Аспайтын iс-айлаға,
Оқылмас мүшайрада…
Сөреге сыйлап көрiк,
Жазылмас жинақ болып…
Танылмай қалар аты,
Тiлемес қаламақы…
Бағасыз осындай тым,
Әнге де қосылмайтын…
«Шындыққа» жанаспайтын,
Архивтен әрi аспайтын…
Тербейтiн желiккен мұң,
Ермегi ерiккеннiң…
Шикiлiк! Жағалай сын,
Сонда да бағалайсың…
Сондықтан сөз iрiсiн,
Терем де өзiң үшiн,
Жаза берем, жаза берем!

5 пікір

yesbolat83
Өзіме ұнады.
Жазылар шабытсыз-ақ
Менің ойымша шабытсыз еш нәрсе де жазылмайтын сияқты, мүмкін де емес.
Jako
Маған да ұнады,өзім де осылай өзім үшін жаза салатын кездерім көп.
pari
Меніңде он шақты өлеңдерім және сөзіме жазылған өзімнің әнім бар. "Қайран бабам-ай" атты сөзге әнін жазғанмын.
yesbolat83
Нағыз композиторлар өз арамызда жүрген екен ғой. Болашақта сенің құлақтан кіріп бойды алар әндеріңді эстрада жұлдыздарының орындауымен теледидардан тамашалап отыруымызды жассын.
өткен жолы sen-ushin сайтынан осы өлеңді көріп ұнатқан едім
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.