Құрбыма

Поэзия, менімен егіз бе едің?! /
Өткен іске өкінбен.
Онсыз да әлем өкініш.
Жып-жылтыр күлкі бекіген,
Сезімнің маңы бекініс.

Жоқ мұңды ойлап жабықтың.
Мақсатын түннің кім ұққан?
Қап-қара түнек тамұқтың,
Аңсары болар тұнық таң.

Келімсек сезім өктем бе?
Жанып кеп, тынып кететін.
Кеткендер кетсін өткенге,
Табармыз бақыт бекетін.

Құрбым-ау сол да мұң боп па?
Қасыңда қалмаған мұңайсын.
Адамдық дауылға құндықпа,
Бастысы өмірге ұнайсың!

Онсыз да жылап келгенбіз.
Жылау да бақыт түсінші.
Бір- көктем. Екі – келген күз.
Өкінбей өту – үшінші.

Жарқыннұр Болысханқызы

15 пікір

tonukok
мынадай шедеврлерді көп көре бермейміз:) тамаша екен) болашақта прозаңыздан да дәм татсақ деп едік:)
pari
7-8 буынды өлеңдерді күшті көрем. Жаттап алуға да ыңғайлы болады. Өлең құрылысы тамаша. Ұйқастар жатып тұрғо:) Мадисс))0
JarkynNUR
Рақмет! ұнап қана қоймай, пайдасы тисе қуанар едім! прозамыздан да дәм татарсыздар буйыртса! ))
maulen
Мағынасы тереңде жатыр екен, ұғынғанға ұмытылмас мұра…
mairosh
жақсы жазылған))
Ais_97
КЕРЕМЕТ ӨЛЕҢ, ТАЛАНТЫҢЫЗҒА НҰР ЖАУСЫН!
Jolai
Онсыз да жылап келгенбіз.
Жылау да бақыт түсінші.
Бір- көктем. Екі – келген күз.
Өкінбей өту – үшінші.
Тамаша ғой!!!
khairbek
Өткен іске өкінбен.
Слушайны актаудан емессынбе?)))
JarkynNUR
неге олай сурадыныз? )) Карагандыданмын
Kan
Адамдық дауылға құндықпа,
Бастысы өмірге ұнайсың!

керемет айтылған тамаша
JarkynNUR
Рақмет баршаңызға!
nurbanu_KAMAL
Жоқ мұңды ойлап жабықтың.
Мақсатын түннің кім ұққан?
Қап-қара түнек тамұқтың,
Аңсары болар тұнық таң. Керемет! Жалпы, өлең керемет!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.