Шежіре

Шығыстан шығып бір кезде,
Батысқа барып тірелдің.
Бірегейі сен едің
Жер бетінде ірі елдің.

Алтын ғана қазығы,
Түрік деген ұлы елдің.
Ғасырлар бойы далада,
Ұлы дәурен сүргенін.

Болашақ үшін ат жалы,
Атон қамы жүргенін.
Ұрпағы үшін Бабаңның
Өткенің дұрыс білгенің.

Қойныңа кірген сұр жылан,
Жеріңді сенің жерсінер.
« Ұланғайыр далаңнан
Тоқымдай жер берші дер!»

Атыңды алып малдансын,
Бешпетіңе алдансын.
«Аңданмын» дер жауың да
Күні түсер болғасын.

Ойыңды айтпа орысқа,
Қиялыңды қытайға.
Төбеңде ойнар бір күні,
Сырыңа әбден қанғасын.

Қилы-қилы кез болған,
Сонау атам заманнан.
Қиындықтан сонда да
Шығатын жол таба алған.

Тектілікпен мәрттігі,
Елдігі мен ерлігі,
Мирас болып біздерге
Қалған сонау бабамнан.

Опық жесе ұрпағым,
Мәрттігінен опық жер.
Күле кіріп, күңіріне
Шығатынды досым дер.

Ашық жау сені ала алмас,
Қайран да қайран, қайран ел
Бойыңдағы бар «мінің»,
Көзге түсер осы дер.

Дүр сілкенсе көшпелі ел,
Жауың жоқ қой жеңбейтін.
Жолдағысын жапырып,
Шайып өтер селдейсің.

Бабам бекер айтпаған,
Қалыбына барады
Қатқан кезде көн дейтін.

Келе жатыр кейінде,
Дарынды аса ұрпағың.
Көтере алмас жат жұртың
Қылтың-сылтың бұлтағын.

Бабалар жолы, Ана тіл
Алтын тамыр ұғатын.
Ал, ажырау бұлардан
Өзіңді-өзің құртарың!

9 пікір

Jurman
Сіз жырау бола бастағансыз ба?
ai-naz
Рахмет пікіріңізге!
ai-naz
Солай секілді ме?
ai-naz
Рахмет!
satirik92
сізге бір өтініш менің шығырмаларымды қарап кетіңізші, өтінем
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.