Арманға айналармыз....

Кездей соқ кездесерміз мүмкін, мүмкін,
Арманға айналармын менде бір күн.
Іздерсің, таба алмассың мені қалқам,
Азайып езуіңде жарқын күлкің.

Сыйа алмай бар әлемнің кеңдігіне,
Біз алданған сезім де жеңді міне.
Қош тасып кыс та кетті біле алмай дал,
Кім білсін, кім төзеді ендігіңе?!

Ойланам жалғыз бақты аралай құр,
Сен мендік жүрегімді жаралай тұр.
Келгенмен қысты қуып көктем маған,
Әзірге оң қабақпен қарамай тұр.

Сен іздерсің, мен дағы іздеп арман,
Біз қуанған шақтар да күзде қалған.
Басқаға сыйлай алмай неге жүрмін?
Кезінде жұрт қызғанған біздегі арман.

9 пікір

maulen
Пікір қалдыра отырсаңыздар?!
ZevsKO
өзің шығардың ба расымен?
maulen
ия, өзім шығардым)))
Jako
Ойланам жалғыз бақты аралай құр,
Сен мендік жүрегімді жаралай тұр.
«Сен менің жүрегімді»-деген дұрыс болар ма еді?

Сен іздерсің, мен дағы іздеп арман,
Біз қуанған шақтар да күзде қалған.
Басқаға сыйлай алмай неге жүрмін?
Кезінде жұрт қызғанған біздегі арман.
Жалпы шумақ жақсы, бірақ соңғы жол әлсіз сияқты. Бұл негізі айтар ой бойынша
«Басқаға силай алмай неге жүрміз, кезінде жұрт кызыққан біздегі арманды»-болу керек, олай болса ұйқас бұзылады (арман сөзі бір шумақта екі рет қайталанады).
Өлең өзіме ұнады, жалпы жастық шақтың шырғалаңды сәттері ғой.
Соңғы өңделген уақыты:
maulen
рахмет үлкен! Ия, сізбен келісемін! Тағыда өңдеп жатармын!
olen keremet, olenderin magan katti unaidi
maulen
рахмет, Ақмарал!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.