Оралмас жастық
Сағымға сағынып қарармын.
Тұман да түншығып тұрармын.
Келмеске кеткен жастығым,
Мен сені жоғалтқан шығармын.
Ұлықтың ұранын ұғармын.
Ұлғайып, үн-түнсіз тынармын.
Қимастық сезімі қыдықтап,
Амалсыз басымды бұғармын.
Жастықтың жанарын жығармын.
Сезімді құрғатып сығармын.
Уақыттың еркіне көндігіп,
Өмірдің ырқымен ығармын.
Тебіренген көңілді тиярмын.
Қалайша жастықты қиямын.
Сол кезгі тәтті сезімді,
Жүректің түбіне жиямын.
Уақыттың еркімен көшермін.
Дауысын сағындым еркемнің.
Жалынды, жігерлі жас өмір
Шынымен жоғалтқан екенмін.
Тұман да түншығып тұрармын.
Келмеске кеткен жастығым,
Мен сені жоғалтқан шығармын.
Ұлықтың ұранын ұғармын.
Ұлғайып, үн-түнсіз тынармын.
Қимастық сезімі қыдықтап,
Амалсыз басымды бұғармын.
Жастықтың жанарын жығармын.
Сезімді құрғатып сығармын.
Уақыттың еркіне көндігіп,
Өмірдің ырқымен ығармын.
Тебіренген көңілді тиярмын.
Қалайша жастықты қиямын.
Сол кезгі тәтті сезімді,
Жүректің түбіне жиямын.
Уақыттың еркімен көшермін.
Дауысын сағындым еркемнің.
Жалынды, жігерлі жас өмір
Шынымен жоғалтқан екенмін.
12 пікір
Мейлі, сен айтпақшы оралмас жастық шағымызды жоғалтып алсақта, ол біздің жүрегімізде ееееең бақытты шақтарымыз боп мәңгілікке қалады.
Өмірім өзендей ағасың.
Еске алып ой салар өлеңнен,
Қанекей беріңіз бағасын.
Осығанда шұкірлік. Осындай жыр жолдарын оқи отырып, болашаққа көз саласын…
Хайуандарды да АЛЛА жаратты
Адам баласына АЛЛА ризық берді
Хайуандарга АЛЛА ризық берді
сосын Хайуандарды бөлек тастап қойды
АЛ бізді бөлек тастап қоцған жоқ
Ал бізге Пайғамбар жіберді
кім бойұсынса жаннатка кіреді
Кім бас тартса тозаққа кіреді
************************************************************************