Оралмас жастық

Сағымға сағынып қарармын.
Тұман да түншығып тұрармын.
Келмеске кеткен жастығым,
Мен сені жоғалтқан шығармын.

Ұлықтың ұранын ұғармын.
Ұлғайып, үн-түнсіз тынармын.
Қимастық сезімі қыдықтап,
Амалсыз басымды бұғармын.

Жастықтың жанарын жығармын.
Сезімді құрғатып сығармын.
Уақыттың еркіне көндігіп,
Өмірдің ырқымен ығармын.

Тебіренген көңілді тиярмын.
Қалайша жастықты қиямын.
Сол кезгі тәтті сезімді,
Жүректің түбіне жиямын.

Уақыттың еркімен көшермін.
Дауысын сағындым еркемнің.
Жалынды, жігерлі жас өмір
Шынымен жоғалтқан екенмін.

12 пікір

satirik92
Теңеу қоссаңыз болармеді. Былай быдыр быдыр…
Соңғы өңделген уақыты:
yesbolat83
Қанат бауырым. Өлең жақсы шыққан. Маған ұнады. Әсіресе, мына жолдары:
Сол кезгі тәтті сезімді,
Жүректің түбіне жиямын.

Мейлі, сен айтпақшы оралмас жастық шағымызды жоғалтып алсақта, ол біздің жүрегімізде ееееең бақытты шақтарымыз боп мәңгілікке қалады.
Kan
Рахмет шында да шіркін жасытық шақ өтті де кетті санада тәтті естеліктері ғана қалды ғой.
maulen
Жастықтың жағалап жағасын,
Өмірім өзендей ағасың.
Еске алып ой салар өлеңнен,
Қанекей беріңіз бағасын.

Осығанда шұкірлік. Осындай жыр жолдарын оқи отырып, болашаққа көз саласын…
korwinin_kyzy
Адам баласын АЛЛА жаратты
Хайуандарды да АЛЛА жаратты
Адам баласына АЛЛА ризық берді
Хайуандарга АЛЛА ризық берді
сосын Хайуандарды бөлек тастап қойды
АЛ бізді бөлек тастап қоцған жоқ
Ал бізге Пайғамбар жіберді
кім бойұсынса жаннатка кіреді
Кім бас тартса тозаққа кіреді

Міне осы Кітапта күдік жоқ, тақуалар үшін тура жол көрсетуші. (2)


Адам баласы бос қоя берілеміз деп ойлай ма? (36)

Ол, (жатырға) тамызылған бір тамшы мәни емес пе? (37)

Сосын ол, ұйыған қан болды. Сонда Алла жаратып бейнеледі. (38)

Сонда одан ер, әйел екі жыныс жаратты. (39)

Бұларды жасаған Алланың, өліктерді қайта тірілтуге күші жетпей ме? (40)

************************************************************************
“Шын Біз, сендерді босқа жараттық та тіпті Бізге қайтарылмаймыз деп, ойлайсыңдар ма?”,- дейді. (115)
AKA
Қойш-әй!
korwinin_kyzy
Маған былай сөйлеуге қалайша дұхын тұрып отыр :?
AKA
Одан зорын жазбағаныма алғыс айт!
Kan
Алһамдулла иманды екенңе күдігім жоқ. Алланың сөзінен артық сөз жоқ. Тек Құран сөздерінің менің өлеңіме не қатысы бар?
korwinin_kyzy
Ғәфу етініз келесте қайталамайм!
AKA
Ұнаған жоқ, бір сарын.
Olen keremet eken ozgeler jastik wagin eske alip otsa men ali balalik wagimmen kowtasa almai jurm(((((
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.