Ей өмір сен кімсің, айтшы маған?

Ей өмір сен кімсің, айтшы маған?
Жан бар ма,өмірді жаңылмаған.
Жан бар ма, саған табынбаған.
Өткенің ғасыр болып ағымдалған.
Болашақ тұман болып сағымданған.
Түбінде өлім келіп жаныңды алған.
Ей өмір сен кімсің, айтшы маған?

Шындық жоқ, шыңыңда шималанған.
Дүниемен адамды құр алдаған.
Бір әнсің әуені жазылмаған.
Құпиясы құлыптаулы қазылмаған.
Жүректерде қайғының сызы қалған.
Көбі кетіп өмірдің азы қалған.
Ей өмір сен кімсің, айтшы маған?

Өмірлік заңдылық бұзылмаған.
Өтседе ғасырлар мың-мыңдаған.
Тәңір мен адамды айырмаған.
Алланың бірлігін пайымдаған.
Өтіп жатыр уақытың жалындағын.
Белгісіз әліде жайың, бағаң
Ей өмір сен кімсің, айтшы маған?

7 пікір

satirik92
Тағдырды жазар Алла. Өмірді берген Алла. Өмір сынақ. Сынақты да берген Алла. Ей өмір сен кімсің, айтшы маған деген күпіршілік.
AKA
Позитив, қайда позитив?! Сұрақ қоюдан шаршамайды екенсіздер тегі…
korwinin_kyzy
ӘТЕУР сыншылар табыла қалады, мен мен деп тұрго кәдімгідей СЕН ТҰР МЕН АТАЙЫНДАР КІЛЕН,,,,
Жалпы өйлең ұнады! жақсы жазылған!
Jako
Бұл өлеңге мен пікір айтуға қорқып едім…
Kan
Неге қорықтыңыз аға?
aijan_adok
Ех өмір,өмір.
Өмірлік заңдылық бұзылмаған.
Өтседе ғасырлар мың-мыңдаған.
Тәңір мен адамды айырмаған.
Алланың бірлігін пайымдаған.
Өтіп жатыр уақытың жалындағын.
Белгісіз әліде жайың, бағаң
Ей өмір сен кімсің, айтшы маған? Керемет жазылған дүние екен. Рахмет.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.