Жалған өмір

Өмірдің де бітеді серуені,
Көшіп те бара жатыр керуені.
Қайда ғана асығады бұл өмір
Артта қалып жастықтың дәурені.
Алданыппыз өмірден, алданыппыз,
Жүргенменен жолынан алға нық біз.
Ұғына алмай бұл өмір мағынасын
Аңқауланып, адасып қалғанымыз.
Артылған жүгіміз бар арқамызда,
Арқалап кей кездері тартамыз да,
Қайтеміз өзгеруде ғұмырымыз
Тоқтауы жоқ қу өмір арбамызда.
Өкінеміз, ісімізге налимыз,
Қиын кезде қасқырдайын ұлимыз.
Қателік пен отбасулар кешсек те
Жақсылықтан үмітті біз үзбейміз.
Арқалаған жүгіміз қалар бір күн,
Келешек ұрпақ оны алар, мүмкін.
Баяу ағып өтсе ғой, өмір құрғыр
Оралса ғой қайтадан уақыт, шіркін.
Бір күндері жылаймыз, бірде күліп,
Ренжітеміз жақынды кейде біліп.
Жыл артынан жылдарды зымыратып,
Осылайша келеміз өмір сүріп.

1 пікір

maulen
Армандар бар армандарға бергісіз…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.