Сүйінші, ағайын!
Сүйінші, ағайын! Үлкен қуанышымды сіздермен бөліскім келіп отыр! Кеше ғана Мәдениет министрлігінің «Жас толқын» бағдарламасымен «КӨҢІЛ КӨЗІНДЕГІ ҚАРАШЫҚ» атты тұңғыш өлеңдер жинағым жарық көрді! Жинаққа махаббат лирикасы мен әртүрлі тақырыптағы өлеңдер еніп отыр! Тұңғыш жинақ болғаннан кейін аз-маз толымсыз тұстары байқалса түсіністікпен қарайсыздар деген үміттемін! Алла амандығын берсе алдағы уақыттарда да терең мағыналы жырларымның оқырманы боларсыздар деген сенімім мол! Жинақты сатып аламын, оқимын деушілеріңіз Алматы қаласының кітап дүкендерінен таба аласыздар!
10 пікір
Астанадан жыр жинағыңызды қалай таба аламыз?