Қарама-қайшылықтар



Күліп тұрып өзіңе, өкпеледім,
Сүйіп тұрып қайтадан жек көремін.
Жеткізе алмас сырларды өмір бойы,
Бір-ақ түнде жыр етіп төкті өлеңім!

Айтқым келді. Бірнәрсе. Үндемедім.
Мінезім де өзгерді күнде менің,
Қиындықтан қашпаймын деп алып ап,
Қалқып келем үстімен жыр-кеменің.

Көргім келді. Бұрылып қарамадым.
Келмеді ғой жаныңды жаралағым.
Өзіңменен көңілді болса дағы,
Жалғыз барып бақтарды араладым.

Бейбіт өмір, тыныш күн жайшылықта,
Бұл не деген қарама-қайшылықтар!
Жақсы көру — сезімді қамшылайды,
Жақсы көру — сезімді жәй шыбықтар.

1 пікір

zhano_almuhambet
Шаршадым. Шын айтам қатты шаршадым. Шарасыздықтан шаршау қанша мұң… Дәрменім жоқ
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.