Үйлену оңай,үй болу қиын,

Поэзия, менімен егіз бе едің?! /
Бұл өлең менің жұмыстасыма арнаған өлең шумақтарым еді.Бірге бөлісейік Айтаберлік достарым.
… Бүгін міне жігіт болып,
Екеу болып үйленіп.
Семья құрып,
Отау тігіп,
Жас жұбайлық күйге еніп.
Оңай болар үйленуің,
Бірақ қиын үй болу.
Жүрме кейін,
Жарын балаң,
Бәріненде жиреніп.
Айтатыным,
Аялай біл,
Бағалай біл жарыңды.
Аяма одан,
Қолдан келген
Жақсылығың барыңды.
Олда жауап қайтарады,
Сенің ізгі ісіңе,
Кейде жарың көтереді
Абыройыңды бағыңды.
Ал,…
Құтты болсын,
Мықты болсын қадамың.
Тәтті болсын,
Сәтті болсын,
Таңдап тапқан адамың.
Оңай болмас жатқа барып,
Жақын болып жарасу,
Ақ тілеуім алға басып
Бақытты бол әрқашан.
Енді айтарым,
Адалдыққа, махаббатқа
Берік бол.
Жұбайыңа қамқоршы бол
Жәрдемші бол
Серік бол.
Деген бар ғой,
Құт кіреді аяғымен келіннің,
Барған жерге…
Бақыт боп кір,
Ырыс боп кір,
Құт боп кір.
Көп нүктенің орындарына адам аттары жазылады

1 пікір

ulan
Uilenu kiyn Ui bolu onai… Bul duniede imandyda ibaly salihaly takua jar tabu kiyn der edim, eger ondai jar tapsa ui bolu ONAI!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.