Қай ағыммен барамыз?

Поэзия, менімен егіз бе едің?! /
Не болып кеттік өзі біз,
Қай ағыммен барамыз?
Жақсылықпен санаспай,
Ағымыздан көп қарамыз.
Өзімізді ойлаймыз,
Жамандыққа бойлаймыз.
Кетерімізді ұмытып,
Бұл дүниеге тоймаймыз.
Қай ағыммен барамыз,
Айтшы өзің замандас?
Кім кінәлі белгісіз,
Көзден ағар ащы жас.
Сенім артқан адамың,
Ертеңіне болар қас.
Бес-ақ күндік өмір ғой,
Дүние-қоңыз, адам мас.
Жолдарымыз адасар,
Өткенмен кім санасар?
Жақсыларды ұмытып,
Жамандыққа таласар.
Өзгердіме бұл заман,
Әлде адам баласы?
Кей пенденің ішінде,
Болады екен аласы.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.