| ღ♥๑ஐ♥ღӨМІРღ♥๑ஐ♥ღ, |

Поэзия, менімен егіз бе едің?! /
| ღ♥๑ஐ♥ღӨМІРღ♥๑ஐ♥ღ, |
Мына жалған осылай өтедi екен,
Әр адам өз жолымен кетедi екен.
Сәждеге маңдай күнде тимесе егер,
Жүрек таза деп ақталу бекер екен.

Бiреулерге дүние арман екен,
Жалған дүние бiздi де алдар ме екен?
Лондон, Париж бiреуге арман болса,
Соқырларға күндi көру арман екен.

Музыка миымызды улар ма екен,
Тот басқан жүрегiмдi ендi не етем?
Керең болып туылған зағиптарға,
Азан даусын бiр есту арман екен.

Шарап тасып жүремiз дүкендерден,
Құдай емес, қорқамыз көкелерден.
Болғанымда кайтер ем жүре алмайтын,
Аяғы жоқ мүгедек пенделерден.

АЛЛАХҚА САНСЫЗ ШҮКIРЛЕР БОЛСЫН,
БIЗГЕ ОСЫ КҮНДЕРДI НӘСIП ЕТКЕН!!!
Аллаху әкбар!

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.