ЖАҢА ЖЫЛ ТҮНІ

Құттықтаулар қаптап кетті толассыз,
Қашан осы той жасаймыз арақсыз?
Болады ғой тойламай-ақ қойсақ па,
Себебі біз, мұсылманбыз, Алашпыш!

«Хлопушка» мен отқа оранып түнгі аспан,
Иттің бәрін шабалатып шулатқан.
Шала мастар көше бойлап өріп жүр,
Арақ ішіп, шайтан қаққан, жын қаққан.

Жеңіс тойын мерекелеп жатқандай,
Көңіл-күйі ортаймайтын шат жандай.
Тентек суға бөгіп апты талайлар,
Бәйбішесі егіз ұлды тапқандай.

Қуанышы Наурыздан да басым ба?
Жанымызға соншалықты жақын ба?
Неге сонша қуанады қазақтар,
Ескі жылдан құтылдық деп жатыр ма?

Қарсы емеспіз, мұндай кезде «мақұлмыз»,
Жат саналар мерекемен татумыз.
Орыстардан жұққан сол бір әдетті,
Сылып алып тастай алмай жатырмыз.

Шашылмайық, ысырапқа бармайық,
Жиналайық, өзімізді ойлайық.
Жаңа Жылды тым ерекше құрметтеп,
Әз Наурызды өкпелетіп алмайық!

2014 жылғы алғашқы өлеңім

5 пікір

Kan
әз наурызды жақсы тойлатамыз ғой. Біз тәуелсіздікті дұрыс тойлата алмай жүрміз емеспе. Өлең ұнады тым өкпешіл болсадағы.
Flower
«Жаман айтпай, жақсы жоқ». Өте орынды айтылған сындар…
Шынымен де керемет айтылған екен. Барлығы қамтылыпты, орынды көтерілген мәселе екен.
"Қашан осы той жасаймыз арақсыз?" деген сөзің қатты ұнады.
yesbolat83
Мықтыбек, өлең расымен мықты, енді.
satirik92
Дұрыс жазылған. Бірақ осы мейрамда балалығым сақталыпты. Үрдіске айналды.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.