Жаратылыстың басталуы

Қызықты деректер /
«Жаратылыстың басталуы» адамзаттың: Әлем қалай пайда болды? Жер бетінде не үшін өмір сүреміз? Бұл дүниеде неге күнә мен азап бар? деген түбегейлі мәселелеріне жауап береді.
Бұл кітаптың мақсаты физикалық және биологиялық майда-шүйдені тәптіштеп жазу емес, оның тақырыбы -Әлемнің кең байтақ кеңістіктері мен клетканы титтей құрылымдарын жаратқан Жаратушы кім — сол. Көкейге қона қалатын әңгімелер алғашқы адамдардың Құдайға қалай қарсы шыққанын, сөйтіп күнәға батқанын баян қылады. Нәтижесінде Құдай оларды Өзінің қасынан қууға мәжбүр болады. Бір жағынан Құдай оларға үкім шығарған кезде-ақ Ол оларға зұлымдықтың арамдатушысы шайтанды жеңіп, сол айқаста өз өмірін құрбан ететін Құтқарушыны жариялайды.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.