Иесіне адал ит
Бір ерлі-зайыптылардың қанша жыл бірге тұрса да балалары болмаған. Олар өздерін жалғыз сезінбеуі үшін неміс овчаркасының күшігін асырап алған. Ерлі-зайыптылар күшікке өз балаларына қарағандай, қарап бағады. Күшік өсіп үлкен итке айналады. Әдемі, адал болып, үй егелерін ұрылардан бірнеше мәрте құтқарып қалады, оларды жақсы көріп, жамандықтардан сақтап отырады.
Ерлі-зайыптылардың күшікті асырап алғанына 7 жыл болғанда, өмірге көптен күткен сәбилері келеді. Олар бақыттан бастары айналып, уақыттарын тек балаларына ғана бөледі де, күшікке назар аудармайды. Ал күшік өзін керексіз сезініп, баладан үй егелерін қызғана бастайды.
Бірде олар баланы ұйықтатып, есік алдына барбекю пісіруге кіріседі. Сәл уақыт өткенде олар балаларын тексеру үшін бөлмесіне қарай келе жатады. Сол кезде бөлмеден аузы қан-қан ит атып шығады. Баланың әкесі ең жаман нәрсе болды деп жорамалдап, мылтығын алып иттерін атып салады. Кейін баласының бөлмесіне кіріп, бесігінің қасында бассыз жатқан жыланды көреді. Сол кезде көз жасын тия алмай «мен ең адал досымды өлтірдім» деп жылап жібереді. Бізде адамдарды жиі әділетсіз сынап-мінеп жатамыз. Одан жаманы, біз бұл тірліктерді ойланбастан, себеп-салдарын анықтамастан, не үшін істегенін білместен жасап жатамыз. Олардың сол кезде не ойлағаны, сезінгені бізге бәрібір болады. Біз асығыс шешімімізге кейін өкінетінімізді ойламаймыз да. Онда ендігі кезде, біреуді айыптап, кінәлау алдында осы адал дос атты мысалды есімізге түсірейік.
13 пікір
Қысқа да нұсқа жазылған! Бірақ, тағы да бірнеше мысал қосса зор болар еді деп ойлаймын.
дейсің сонда күшік жеті жыл өтседе күшік күйінде қала береді ме?!
Жазарда тағы бір оқып шығып қателіктерге бой алдырмайықшы!
Осыған ұқсас Марк Твен жазған «Иттің әңгімесі» де аянышты. Жалпы, адамбыз, сондықтан иттің өмірін кешуге тиісті емеспіз, есесіне айналамызға да қарап жүру керекпіз.
Ит адамның досы. Тіпті, кей адамдардан да артық дос бола алады.