Асыл тастардың емдік қасиеті

Қызықты деректер /
Алтын. Жасыңызды ұзартып, қарт адамдардың бойына қуат беріп, қауіпті аурудан қорғайды. Уланғаннан емдейді.



Күміс. Қозған сырқаттармен, ірің, қанды кептіреді.



Мыс. Қанды кептіреді, өкпе мен бауырдың қызуын түсіреді.



Жақұт. Опасыздық пен қоқыныштан қорғайды. Байырғы заманда сүйген жанын қарату үшін жақұт ұшқынымен магниттелген ыдыстан тамақ берген.



Замартас-изумруд. Қуаныш пен көңілділік сыйлайды. Ұмытшақ немесе көзі нашар көретін әйелдер мойнына таққан. Ұзақ өмір сүруге қолданылады. Ойды ширатады.



Топаз. Ұмытшақтық пен ұйқы қашуды жазады. Көз тиюден сақтап, дәм сезу күшін арттырады.



Александрит. Қан айналуды жақсартады, қанды тазартады. тамырларды бекіте түседі.



Гауһар. Күш жігер қосады, жүректі тыныштандырып, сағыныштан зеріктірмейді.



Фируза. Адамдардың арасындағы жаулық пен араздықты бәсеңдетеді. Мойыннан тастамай жүрсе әйелдер сары ауруға ұшырамайды. Бұл тас адам секілді, жасына қарай түрін ақшылдан көгілдірге, көктен жасылға өзгереді. Бір қауіпті жағдай төнсе, фирузаның көз алдында күңгірт тартып жүреді. Жазылмайтын ауруы бар адам тақса ол мүлдем сөнеді.



Опал. Күдікті ойларды қоздырып, ұрысқа құмар тас. Қоқыныш туғызып, сескендіретін тас. Опалдың жүректі күдікті ойлармен тұмшалайтыны белгілі.



Аметист. Араққұмарлықтан қорғайды. Жүрекке деген сенімді, ойдан сейілтеді. Әйел адам жастығының астына жастанып жатса өте жақсы түстер көреді. Бетті сипат өтіп, әжім мен секпілден кетіруге болады.



Агат. Тіл көзден сақтайтын тас. Бойдағы ауруды бәсеңдетіп, есту қабілетін жақсартады.



Гагат. Бұл таспен буын ауруларын емдейді.



Айтас. Қояншық ауруларын мен бүйректегі шаншығанды емдейтін тас.

Жадейт. Ол жетпіс жеті ауруға ем. Әсіресе ревматизмге жақсы7



P.S: Сыйлыққа жақсы идея!
сурет

1 пікір

qyrmyzy
Алтын да, күміс те керек емес. Топаз бен жақұт керек!
Гауһар. Күш жігер қосады, жүректі тыныштандырып, сағыныштан зеріктірмейді.
кішкене түсінбей қалдым:(
Мамаға сыйлауға болады екен бір-екеуін
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.