SADKO FM #2: Жақыпбек Бейсембековпен
SADKO FM /
Ассалаумағалейкум, Айтабер сайтында SADKO FM радиосын тыңдап отырған көпшілік қауым! Бүгінгі эфиріміз сайтымыздың, жооқ, бүкіл Қазақ интернетінің тарихындағы ең жақсы сұхбаттардан бірі болмақ. Өйткені бүгін сайтымыздың қолданушысы, интернеттегі белсенді кісілерден бірі, бәріміздің ағамыз, ақылдың қазынасы болған Жақыпбек Бейсембековты (Jako) бүгінгі эфирдің құтты қонағы етіп шақырып отырмыз! Бізден алыстамаңыздар! Эфирді жүргізіп отырған мен, Садық "ҚараСақал" Шерімбек.
— Аға әуелі, эфирімізге қош келдіңіз! Осы сайттағы жасы үлкен қолданушының бірісіз. Әрдайым үлкендік көмегіңізді беріп отырасыз. Айтайын дегенім, өзіңіздің балаларыңызға сайтқа кіруге кеңес бересіз бе әлде қарсы болар медіңіз? Себебін тарқата отырсаңыз?
— Мен осы сайтта ғана емес жалпы Қазнетте жасы үлкендердің бірі болармын-ау. Ал енді балалар дегенде олардың үлкендері есейіп өз алдарына үй болып кетті. Екі ұл, бір қызым бар. Үлкен ұл Астанада тұрады,қызметте, бір ұлы бар, келінде қызметте. Қызым Таразда, ағылшын тілі маманы, екі ұлы бар, күйеу балам энергетика саласында. Кіші ұлым, негізі ең үлкені де сол болар жасы сегізде, 2-ші сыныпта оқиды, өз алдына дербес компьютері бар. Мені үйреткен сол, әлі де бірдеңені білмесем содан сұраймын.Балалардың компьютер қолдануына қарсы емеспісіз деген сұраққа жауап бердім-ау деймін.
Күн даналығы:
Кісі айыбын ашқаннан, жапқан жақсы. © Жүсіп Баласағұни
— Жастық шағыңызда қандай болдыңыз? 20 жастағы Жаконы суреттеп беріңізші.
— Ибайай, не десем екен… Мен негізі әкемнің үлкен ұлы болдым да апамның(әжемді солай атайтынмын,өз шешемді жеңеше дейтінмін) тәрбиесінде өстім, апам рахмаллүк, жатқан жері жаннатта болғыр, мені «Тентегім» — деп атайтын. Мен де апамды ұятқа қалдырмай барынша сол атымды ақтадым ғой деймін. Жасымнан спортпен шұғылдандым, бокстан жақсы жетістіктерге жеттім. Уақыты солай болды ма қайдам біздің кезде төбелес өнер болды, осыдан-ақ 20 жастағы Жаконы көз алдарыңызға елестете беріңіздер десем,қалай…
— Керемет, аға:)
Суретте Жако ағаның кенжесі (компьютер білімі бойынша кішкентай ұстазы)
— Жастық шағыңыздағы "әттеген-ай"" «шіркін-ай» деген күндерін еске түсіріп жіберсеңіз.
— Әттеген-айсыз өмір бола ма, ондайлар бар.Жастықта адам албырт болады, көп нәрселерді ақылмен тарызылай бермейді. Әйтеуір өткен ғасырдың 70-80 ші жылдарының жастары солай болды. Қандай нәрсеге талпынсаңда оны орындауға мүмкіндік болды. Менің арманым әскери адам болғым келіп еді, әкем журналист болғанымды қалады. Аяғында екеуі де болмай құрылысшы болып кеттім. Оған еш өкінбеймін, бірақ әттеген-ай,әкемді тыңдағанымда қалай болар еді деген ойлар келіп тұратыны рас.
— Қазіргі таңда немен айналысасыз? зейнеттесіз бе әлде жұмысыңыз бар ма?
— Кәсіпкермін, құрылыспен айналысамын, дүкендерім бар, жеке көлім бар. Өмірге еш өкпем жоқ сияқты..., кім білсін. Зейнеткерлікке әлі біраз уақыт бар.
— Жұмысыңыз берекелі болсын, аға! Осы арада бізде қоңырау шалған тыңдарманыңыз бар екен. Құлағымыз сізде, құрметті тыңдарман!
— Қалайсыздар? Жако аға, отбасылық жағдайыңыз жайлы жалпы өзіңіз жайлы мәлімет беріп кетсеңіз?— Жалпы балалар жайында жоғарыда 1-ші сұрақта айтып кеттім ғой, оған қосарым үйде басқаларға қандай екенін қайдам,өзіме айдай бір апаларың бар, Кіші жүздің қызы. Кіші жүздерге тиісе беретіндігім содан, күйеумін ғой оларға.
— Айтқандай, бір сөзіңізде жұбайыңыз Қызылордалық екенін айтып едіңіз, қалай таныстыңыздар?
— Іздеп жүріп таптым десем бола ма? Таразда оқыды, кездейсоқ жолығып қалдық, негізі танысып алдым ғой. Қызылорда обылысынан, Арал ауданының қызы.
Күн тұлғасы:
Абылай (Әбілмансұр) хан — (1733—1737). Абылай дарынды хан, аса ірі қайраткер, қолбасшы болды. Әбілмәмбет ханның тірі кезінде қазақ халқы оны өзінің қорғаушысы, көсемі санады. Ол патша өкіметінің губернаторларының ыңғайына жүрмеді. Елінің еркіндігін, бостандығын қорғай білді.— «Еркектің екінші жүрегі — асқазаны», қандай тағам түрлерін ерекше ұнатасыз?
— Негізі тамақ талғай бермеймін,«пендеге тән нәрсенің бәрі маған да жат емес»- деген принципті ұстанамын. Бірақ жылқының жылы-жұмсағынан дайындалған бесбармактың жөні тіптен бөлек қой.
— Интернетті қай жылдан бері қолданып келесіз? Және неше жыл болды қолданғанынызға? Интернетте жалпы сайттарда нені үйрендіңіз? алған жақсы жақтарыңыз қандай? Жаман жағы ше?
— Интернетке араласқаныма 1,5 жылдай ақ болды, бұрын тек қана переферанс ойнаумен шектелетінмін.Ең бірінші тіркелген сайтым «Мәссаған», «Керекинфо» сайттары.Кейін Массаған бір себептермен жабылып қалды да, ал Керекинфоға өзім үйрене алмай қойдым, әйтеуір бөтен ауылдың бұқасы құсап араласып кете алмадым. Бірақ Керекинфода Қилызаманның жазғандарын үзбей оқып жүрдім,үйренгенім де көп. Содан «Мен қазақпын»,«Қайран елім», «Бастаңғы» сияқты қазақша сайттарда жүрдім. Ол жерде Дельфина, Сара, Нури, Айдана, Жамбо, Ако сияқты достар таптым, мен кейде олармен отырғанда жасымды да ұмытып кетемін.Не бере алғанымды білмеймін, ал алғаным көп. Кейін «СЖ»мен «Айтабер» ауылына қоныстандым ғой. Бұл жерде де Ербол, Садық, Абылай, Димаш, Көркем, Майрош т.с.с. сияқты ойлы жастардың жазғандарын оқып, ой бөлісіп,өздерімен таныстым. Осының бәрі интернеттен алған жақсы дүниелерім болар деп ойлайьмын. Ал енді жаман жағына келсем, мен жаманнан сақтана алар жасқа жеткен болармын деп ойлаймын.
— Аға, жаңа технологияларды меңгеріп Интернетте осыншалықты белсенді болуыңыздың сыры неде? Әлде осы салада жоспарларыңыз бар ма?
— Интернетте дені сау, толыққанды қазақ уикипедиясы болса деп ойлаймын. Негізгі ұстанымы өз халқымыздың әдет-ғұрып, салт-дәстүр, менталитетінен алыстамай, қазіргі өркениеттен қалып кетпейтіндей болса деймін. Осы Сұрақ- жауап сайтынан көп үміт күтемін. Қазақ инетінде бұндай көп аудитория жинаған сайттар жоқтың қасы. Енді осыны құртып алмай, не болса соны тықпаламай, салиқалы сұрақ, сындарлы жауаппен дамыта берсек оған жететінімізге, жүдә болмағанда негізін қалай алатынымызға сенімдімін. Әттең сұрақтарға салмақты, ешқандай даусыз жауап берер мамандар, өмір көрген тәжиербиелі адамдар жетіспей жатыр. Жастар көбінесе жеңіл қарайды,«есебімді шығарып берші», «былтыр тастап кеткен жігітіммен қайта жүрейін ба?»- деген сұрақтармен ұзаққа бара алмаймыз. Енді бір есі кіріп ақыл тоқтатқан буын бар арамызда, олар жақсы жауап, тамаша сұрақтарымен сайт қозғалысына өте зор, пәрменді үлес қосып жүрген топ. Кейде солардың өзі сайт мақсат, мүддесін ұмытып аймаққа бөлінуге, рушылдыққа, саясат тықпалаушылыққа ұрынып жатамыз.«Көш жүре келе түзеледі»-десекте, өзіміз ақылға келіп.бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара білсек жақсы әлеуметтік желінің ауылы алыс емес деп ойлаймын. Оған кешегі кириллицадан Қазақ доменін алғанымызда септігін тигізер деп сенемін.
Қазіргі уикипедиядағы жинақталғандардың саны тым аз, әлсіз. Әсіресе салт-дәстүрлеріміз туралы жазылғандар сын көтермейді, ал оны оқыған жастар осындай екен ғой деп қате ұғымда кетеді. Жоспар деймісің,әттең қолымнан ке лмейді-ау ,қолымнан келсе уйкипедияға атсалысар едим. «Дәстүр»-деген( dastyr.idhost.kz/) сайт ашып едім оны да ары қарай дамыта алмай жүрмін, компьютерлік сауатым өте төмен екен. Жақында Секеңмен( Қилызаман) бірге Денсаулық( densaulyk7.delo.ws/)жайында бір сайт қозғамақпыз.
— Осы орайда бір тыңдарман маңызды деп сұрақ жолдаған екен. «Жако аға сіз Сұрақ-жауап сайтына оралғыңыз келе ме?» деген екен.
— Мен «СЖ» туралы мәлімдеме жасағанымда қызбалыққа салынғанымды бір күн өтпей жатып ақ түсіндім. Ол үшін ұяламын, сайтчандардан кешірім сұраймын. Амал қанша үлкен адамдар да қателеседі. Мен «СЖ»мен әрдайым біргемін.
Күн шумағы:
Ерлік елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың,
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың…
Алтын Күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз – бабам тілі, сен қалдың! © Мағжан Жұмабай
— «Енді басымызға кіреді дейсің бе?» деп ізденуден, үйренуден қашқақтайтын қатарластарыңызға не айтар едіңіз?
— Бұның енді дұрыс, менің қатарластарым интернеттен көрі қорадағы қойын тағы бір қайтара санағанды жөн көреді. Бірақ біраз өмірді артқа тастаған біздер өмір тәжиербиемізді жастармен бөліспесек олар қайдан біледі дегім келеді оларға.
— Біраз жазбаларыңызда мұң бар. Соны тарқатып айта аласыз ба?
— Мұң деген муза ғой, онсыз өмір бар ма?
— Өсіп келе жатқан жас буынға өмір жолында дұрыс бағытта жүру үшін қандай ақыл айтасыз?
— Өте тамаша жастар өсіп келеді,қазіргі жастарға ақыл айтудан көрі қоғамымыздың белсенді мүшесі болып қалыптасуына лайықты жағдай жасалуы керек сияқты.Ал өз тарапымнан айтарым қазақ менталитетін бойына сіңірген, ұлтымыздың салт-дәстүрінен сусындаған ұлтжанды азамат болып қалыптасуларын тілер едім.
— SADKO FM тыңдармандарына тілегіңіз!
— Бәріңнің отбасыларыңа амандық, жастарға жарқын болашақ, Қазнетке өркендеу тілеймін.
— Өзіңізге де соны тілей отырып, бүгінгі эфирімізді аяқтаймыз. Сіздермен болған Садық Шерімбек және бүгінгі эфир қонағы Жақыпбек Бейсембеков немесе жай ғана Jako ағамыз. Ұсыныстарыңыз бен тілектеріңізді [email protected] немесе QaraSaqal ға жолдасаңыздар болады! Келесі кездескенше қош сау болыңыздар, достар!
38 пікір
Әттең, сұрақ та қойып үлгере алмадым, өкініш өзегімді өртеп барады.Садко, ризамын саған, қадамыңа гүл бітсін! Жігіт туса сендей болсын да! +1тұз жалая дешқой менің мұнда жауым көп, көпшілік айтсынтағы кім бар????тағы бір адам керек болдбомай қалды ма?Жакыпбек аға, ойлаған істеріңіздерге сәтілік. Керемет сұхбат. Рақмет.
Саке(Садық), жарайсың!
И
З
А
М
Ы
Н
С
І
З
Г
Е
,
А
Ғ
А
Қап Майрош дәметіп қалып еді)))сіз бақытты әкесіз :қызығыватқын смайлик:әәәә дәметкен жоқпын)))))).яя Жако ағай бақытты әке ИншАллах Ұзағынан болсын