Казино құмары

Бай еді шамасынан асып-тасқан,
Жекеменшік фаврика, зауыт ашқан.
Әйгілі еді әлемге аты шығып
Ғұлама ғалымдардан ақылы асқан.

Алтын жыйды үйіне таудай қылып,
Масаттанып кедейге жүрді күліп.
Қарыз сұрап келгенге алтын түгіл
Ұстатпапты қолыны бір сом беріп.

Қаражаты қалың ғой қалтадағы,
Оның бәрін қай жаққа жаратады?
Астында оннан аса көлігі бар
Барлығын қайта-қайта жаңартады.

Бір күні карта ойнап қызықтады
Алтындары ашылды құлыптағы.
Картаның түсіп кетіп құмарына
Жұмысын, зәулім үйін ұмытады.

Кетіп жатты ақшасы судай болып,
Фаврикасы тас-талқан боп, қалды құрып.
Астындағы жап-жаңа көліктердің
Бай ағама ендігі бәрі ұмыт.

Казино ағамызды құртып тынды
Алдында несие мен салық тұрды.
Барлығын өтеймін деп жүргенінде
Зауытында тілсіз жау өрт болды.

Бір тиынға зар болды содан ағам
Одан кейін кәсібі оңалмаған.
Қолындағы жиғанын берсе-дағы
Іс жүзінде ағам қайта тұра алмаған.

Маскүнемдікке шалдықты содан бері,
Арақпенен қарсы алды әрбір күнді.
Кедейлердің жоқтығына күліп жүрген
Аяғынан шалады екен Алла кімді?!

2 пікір

Jako
Тамаша жазылған, өмірде болып жататын шындық, өзім талайына куә болдым.
maulen
ия, тақырыптың тамыры тереңде жатыр, басқаларға сабақ болатын оқиға, дегенмен көз көріп, құлақ естігенмен оңалаып жатқандар шамалы-ақ…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.