Сырласу

Охоу, досым
Ақ парақ, аманбысың!
Саған айтар сырым бар
Менің бүгін.
Сыр бағудан шаршадым
Жалғыз өзім.
Маған ақыл беретін
Жалғыз өзің.

Ғажайыпқа толы болды
Кешегі күн.
Бір сұлу қыз келді де
Көшеменен.
Маған ұзақ таңданып қарады да
Өте шығып жанымнан
Кете барды,
Жүздесіп тұрғандай бөтенменен.

Түсінбедің,
Білемін түсінбедің.
Ол қызды мен де,
Бір кездері түсінбегем.
«Сүйем» деген сөзіне сенбей кетіп,
Сүйгені үшін мен оны
Кешірмегем.
Жүрегімнен жұлып тастап атын оның,
Сезімдерін мәңгілік өшірген ем.

Қайтем енді,
Көшеме ол көшіп келді.
Бойымды қанша аулақ ұстасамда,
Жолымыз бір
Ақырғы кезігеді.
Сол кезде не жасаймын
Мендік сезім,
Тұтанып жүрмес пе екен
Көрмей көзім.

2 пікір

maulen
егер ол қыз сені емес, сен ол қызыды сүйген болсаң, жырың басқа қырынан танылар еді… жаман емес)))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.