Бақытты Отбасы

Ауа райы керемет! Күн күлімдеп, сәулесін шашады. Осы бір керемет күнде серуендеп, құрбыларыңмен кездесіп, әңгіме айтып бөліскенге не жетсін?!
Бүгін демалыс күні. Менің Отбасы мүшелерімнің барлығы да уйінде, демалуда. Әкем газет оқып, парақ беттерін ақтарып отыр. Ал анам ас бөлмесінде тәтті тағам әзірлеп жатыр. Ал, менің кішкентай інім Манас болса, өзінің үлпілдеген ақ түсті мысығымен ойнауда. Мен болсам, осы көріністерді бақылаудамын.
Иә, неткен ғажап! Өз үйімдемін, Отбасым қасымда, елім тыныш аман-есен. Бізді еш нәрсе де уайымдатпайды. Жүрек тыныштығы – өмір тыныштығы. Мен бақытты жан екенмін! Ас бөлмесінде анам түскі асқа шақырады. Барлығымыз да жұмысымызды тастап, анамыздың әзірлеген тамағына асықтық.
Анамыз, әкеміз ұнататындай балық қуырып, картопты қызартып пісірген екен. Ммм, дәмдісін-ай. Әсіресе Манас қоймастан «Керемет, керемет» деген сөздерді қайталай береді. Шынында да анам пісірген тағам – ең тәтті де дәмді болады ғой!
Енді анамыз бізге шай құя бастады… Ашылмаған, жаңа қораптағы шайды аша бере, анамыздың:
— Бұл немене? – деген сөзін естідік.
Бір сәтке бәріміз де анашымызға қарап қалыппыз. Анамыздың жүзі де түсінбеген адамдай, бір орнында қатып тұра берді.
Бір кезде:
— Бұл шайдың ішінен 10 мың теңге шықты,- деп анамыз күліп жіберді. Барлығымыз да сенбеген адам секілдіміз. Бізде үн жоқ.
Анамыз қайтадан «10 мың теңге деймін» ,- деп қағаз ақшаны көрсетті.
Барлығымыз да аң-таң. Мен ақшаны қолыма алып, қарай бастадым. Шынында да 10 мың теңге, шын ақша.
Анам, шай қорапшасын алып, сыртын оқи бастады. Сыртында былай жазылған екен: «Бұл шай – бірнеше шайлардың сортынан алынған, сұрыпталған шай. Осы наурыз айына байланысты, бұл шайдың 5000-ға жуығы шығарылады. Ал, сол 5 мың шай қорапшасының тек 5-уіне ғана 10 мың теңге салынады. Бұл наурыз айындағы сіздерге сыйлық. Астарыңыз дәмді болсын»,- деп жазылыпты.
Мұндай да болады екен-ау,- деп анам күліп жіберді. Бізде де күліп, қуанып отырмыз. Барлығымыздың да көңіліміз көтеріліп, күлісіп алдық.
Әкем де қуанып:
-Қайсы, берші қарайын,- деп ақшаны қарай бастады.
Ол да күліп, жүзінде мәз мейрам ойнайды. Ал Манас болса, «Алақай, алақай» деп балалық еркелігін салып жүр. Тіпті билеп те қояды. Біз Манасқа қарап, одан сайын күліп, мәз мейрам боламыз. «Ай кішкентай Манас, ерке Манас» деп мен де еркелетіп қоямын.
Шынында да 5 мың шай қорапшасының тек 5-уіне ғана ақша салынған болса,
Соның біреуі бізге келер деп кім ойлар еді?!
10 мың теңге, шынына келсек, алып жатқан үлкен ақша емес қой. Біздің де қуануымыз да, ақшаға құмарлық емес! Бірақ, осындай қызықты сәттер әр Отбасыда кездесіп жатпайды.
Бір ғана 10 мың теңге шығысымен, біздің де көңіліміз көтеріліп, Отбасымыз одан әрі жақындасқандай.
Мен нағыз Бақыттымын! Осындай тату-тәтті Отбасымыз арасында отырып, қызықты оқиғаны көргенімізге де мәзбіз!
Бұл өміріміздегі қызықты жағдайлардың бірі еді…

4 пікір

Jako
Жақсы, жатық жазылған екен, бір деммен оқып шықтым, +4 қойдым.
gulli
рахмет көп көп!
qarasaqal
ұнады. Жалғастыра беріңіз!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.