"Жан пида"
Осы кітапты бұрындары мектеп қабырғасында жүргенде-ақ алғашқы бетін ашып бастаған болтынмын. Бірақ та сол бітірмеген күйінде кітапханаға өткіздім. Не себептен оқымағаным есімде жоқ, шыны керек. Өткенде сәті түсіп кітап көрмесінде сатып алған едім бір данасын.
Құдай сөз шебері етіп жаратқан қой қырғыздың ұлы жазушысын. Ал оны қазаққа соншалық көркеммен жеткізген Шерхан атаның сөз өнері де адамды кітапқа еліктіреді. Барлықтарыңыз да оқыған боларсыздар. Керемет дүние (өз атымнан жауап берем,әрине. Біреулерге іш пыстырарлық болар, бәлкім ). «Қош бол, Гүлсарысы», «Жамилә», «Ақ кеме», «Ғасырдан да ұзақ күн» атты шебер дүниелерді тудырған Шыңғыс Айтматовқа қалайша тағзым етпеске. Жә, кітаптың өзіне келейік.
Оқи отырып бір ұққаным, бұл қоғам, расымен, өзінен артық ойлайтынды және өзінен кем ойлайтынды «жынды» деп есептейді. Мәселен, кітаптың бас кейіпкері Авдийді алайық. Ол нашақорларды ізгі жолға түсіру үшін қанша азапты көрді десеңізші. Тіпті, діндарлар үйінен өзінің жаңа ойы үшін html-тегтерді қолдана аласыз қуылды емес пе? Ол «жаңа қоғамға жаңа Құдайды табу керек» деп ойлады ғой. Ақырында, азғын топтың ортасына тап болып, Мойынқұм даласында «Иисусша» жан тәсілім етті. Сондай-ақ кітапта Булгаковтың «Мастер және Маргатирасындағыдай» Иисус пен Понти Пилаттың диалогы берілген. Онда да Иисусты қоғам өзге адам деп таныды емес пе?.. Кәнісіз Иисусты Иуданың сатқындығы үшін жан азабына салғаныбарлығымыз да білеміз. Тіпті, әлемнің ұлы тұлғаларынан бәрі қоғамның «жынды» мүшелері атанған. Оның ішінде Ньютон, Байрон да жүр.
Жалпы, романдағы ең әсерлі жері, мен үшін Аққұртқаның өлімі болды. Көзіме жас ұялады. Адамзат болмысын Қарқыр кейіппен келтірген астарлауды мына менің сөзіммен жеткізе алмаспын. (Егер де мүмкіндік болса, осы көркем әдебиеттегі қасқыр бейнесі жайлы жазу ойда бар) Ұрпақсыз қалған Аққұртқа мен Тасшайнар қасқырдың образын адамға теңестіре меңзегендей. Тіпті ұлттың трагедиясын жазушы айтып отырғандай көрінеді. Ұрпақсыз қалған ұлт, қатердің қатері емес пе? Ал өз жұмысын адал атқарған, өмірде тек еңбекпен жеміске жеткен Бостон да сол қоғамның лас, енжар адамдарынан қорлық көрді. Қорқытша өзіне жайлы мекен іздеп, қарлы боранда Ерназар досынан айырылды. Сүт Кенжесін құтқарам деп қолдап өз баласын өлтіріп алады. Мұншалық тағдырға шыдамастан өз-өзіне қол жұмсады ақырында. Жан бататын тағдыр. Адамды ойға саларлық көркем дүние. Жан пида еткен пенделер туралы десе болады.

1 пікір