Өмір. Заң.

Қолданушылар шығармашылығы /
Өмір Алланың сыйы. Қалауыңша қолдануға болады. Әркім өз өміріне өзі қожа. Бірақ, кейбір адамдар әртүрлі жоралғылар мен жолдар ойлап тауып, сенің өміріңді белгілі бір өлшеммен, сызықпен жүргізгісі келеді. Сондай жолдардың ең негізгісі Заң деп аталады. Заңсыз, әрине, қазіргі уақытта мүмкін емес шығар, дегенмен, мүлдем тыйым салып немесе рұқсат беріп қою менің ойлау шеңберіме сыймайды. Халықтық қағидалар да заңның бір түрі және ол қанға сіңген, сұрыпталған, яғни өмірдің өз заңы.
«Мемлекет-бұқараны басқару құралы». Ленин. Бұқараны басқару үшін заң, ереже керек. Бұл біреудің біреуге үстемдігі. Ал, Құдай алдында адамдар бірдей, ендеше неге маған біреу(лер) үстемдік жүргізу керек? Менің өз жолым, өз арманым, өз қағидам бар. Неге мен біреу(лер) сызған сызықпен жүруім қажет? 100-шақты адам жиналып алып «Былай қылу керек, бұлай жасау қажет» деп, ешқандай дәпке, дәстүрге сыймайтын 200-400 беттік тыйымдар мен тұжырымдар жасайды. Меніңше қажеті жоқ нәрсемен айналысудың өзі заңдылыққа айналып бара жатырғандай.

1 пікір

Feruza
Егер барлық адам сіз сияқты ойласа, білмедім өмір не боп кетер еді, елестетуге қорқатын жағдай… Әрбір адамда билік, тура адамның бес қолы бес жаққа тартатын, екі аяғы өз қалаған жағына барғысы келетін, жүрегі мал тапсам дейтін, ал миы тыныштық қалайтыны сияқты болар ма еді. Ондай болудан сақтасын Аллах! Әрбір отбасында өз заңы бар, әрбір мемлекеттің өз заңы бар, өмір сүрудің де Аллах шығарған заңы бар! Бірақ оған бағыну басыңызды төменге түсірмейді, керісінше тату да бақытты өмірге жетелейді! Бағыну деген құл болу емес, келісу екеніне баса назар аудару керек сияқты…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.