Қарынбүрме
Мен сіздерге өзіміз жылда көктем кезінде табиғат аясына демалысқа шыққанда дайындайтын қарапайым, бірақ дәмі тіл үйіретін тағам түрімен таныстырғым келеді. Керегі болып жатса, кәделеріңе жаратарсыздар.
«Жаңа сойылғаан тоқтының қарнын бүтіндей тазалайды. Еттерін мүшелеп, тұздап, түрлі дәмдеуіштерді қосып сол қарынның ішіне салады да, ауызын қамыстан түтік орнатып ащы ішегімен бүріп байлайды. Сонан соң шұңғыл қазанға су құйып, соған еппен салып, кәдімгі етпісірім уақытқа жетер-жетпес қайнатады. Бұл тағам негізі басында айтқанымдай, қала сыртына топ адамдармен серуенге шыққанда дайындалады.

9 пікір