Дерек базаларының үздік ондығы

TOP 10 /
1. АҚШ Конгрессінің кітапханасы



Ғалам сандық әлемге көшсе де, АҚШ-тағы Конгресс кітапханасы дерек қоры бойынша үздіктер қатарында. Еншісінде 125 млн. жуық данадан тұратын, мәселен тіпті газеттер, ас әзірлеу кітаптары және үкіметтік орындаушыларға қажет кітаптар кездеседі. Кітапхана күн санап ұлғаюда, егер ғаламтор бетінен түрлі кітаптарға қол жеткізгіңіз келсе, сізге осы ресурс көмегін аямайды.

2. АҚШ орталық барлау агенттігі



Бұл дерек базасына адамдар қолданысындағы заттардан бастып барлық зат туралы айғақтар жиналады. Бұл деректердің нақты өлшемі белгісіз болғанымен, онда жеке басқа қатысты ақпарат пен жалпыға ұсынылатын ақпарат қатар орналасқан. Айына шамамен 100 астам мақала жарияланып отырады, мәселен даму статистикасы, қарулы күштер карталары болуы мүмкін.

3. Amazon



Сайтта шамамен 2500000 оқулық бар және қолданушылар өзара пікір қалдырып, араласа алады, сонымен Amazon Интернеттегі ең ірі байланыс орталығы. Бұл жерде 55 млн-ға жуық тұтынушы және 40 терабайтқа жуық ақпарат бар әзірге.

4. YouTube



YouTube әлемдегі ірі видео хостингтердің бірі. Күнделікті қолданушылар шамамен 100 млн. бейнежазба тамашалайтын көрінеді және ол клиптердің саны шамамен әр бес ай сайын екі есеге ұлғайып отырады. Уақыт өткен сайын, ютюбтің көлемі туралы ойлаудың өзі қорқыныш болып бара жатқандай.

5. ChoicePoint



Негізінен ChoicePoint сайтынан АҚШ тұрғындарының нөмірлері, ақпараттары сияқты мәліметтер алуға болатын көрінеді. Сонымен қатар қылмыстық істер мұрағаты мен көлік жүргізу жазбалары да сақталады. Өз кезегінде бұл сайт, мемлекеттік органдар қызметкерлеріне таптырмас көмек құралы болатын да көрінеді.

6. Sprint



Шамамен 50 млн.-нан астам абоненті бар телекоммуникациялық компания. Дерек базасына шамамен 3 триллионға жуық жазба сақталған, сонымен қатар күнделікті көрсеткіш 350 коңырау жазбалары мен секундына 70, 000 қоңырау тіркелетін көрінеді.

7. Google



Google ешқашан өз дерек базасының нақты көлемін айтқан емес. Бірақ, веб-сайттардағы ақпарат саны таңқаларлық көрсеткішке ие. Статистика бойынша, күніне 90 миллион сұраныс орындалатын көрінеді. Сонымен, Google — интернет әлеміндегі дерек базаларының билеушісі.

8. AT&T;



Бұл спринтке ұқсас әрі ескі телекоммуникация компаниясы. Ақпарат көлемі шамамен 310 терабайтқа тең, сонымен қатар 2 триллион жолдан тұратын көлемді жазбадан тұрады. арасында өте ескі жазбалар да кездеседі.

9. Ұлттық Энергетикалық Зерттеу Орталығының Ғылыми Есептеу Орталығы



Ұлттық энергетикалық зерттеу орталығының ғылыми есептеу орталығы, дерек базасының көлемі бойынша Әлемде екінші орынға ие. АҚШ-тағы Беркли Лоренс Ұлттық лабораториясы тарапынан басқарылады. Өз кезегінде, ондағы материалдар атомдық энергетика, жоғарғы энергия физикасы және тағы басқа тақырыптарға қатысты түрлі зерттеу жұмыстарынан тұрады.

10. Әлемдік Климат Ақпарат Орталығы



Бұл дерек базасы Германиялық Климат Есептеу Орталығы және метеорология бойынша Макс Планк институттары тарапынан басқарылады. Дерек базасы негізінен түрлі климаттық өзгерістердің моделін қадағалау жөнінен ақпарат береді.

Дерек көзі: мына жерде

8 пікір

yerbol89
Cөз жоқ ))
ZevsKO
мен білмеген біраз сұрақ! ойыма да келмепті күші
ZevsKO
жақсы жазыпсың! тәржімаң керемет
Korkem
муахахах сөз бар))
Aknyet99
1.Kerekinfo.kz
2.Surak-zhauap.kz
3.Kizik.kz
4.Aitaber.kz
5.softzone.kz
ыхыхыхы, дұрыспа?!
qyrmyzy
өйстіп, өйстіп жазып тұршиш, Лолик қуанады!
meirambek95
Wikipedia қайдасың
AL-ASTER
Иә, ол да үлкен
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.