Сен маған сүюді үйреттің...
TOP 10 /
Сен маған сүюді үйреттің,
Ұмытып кеткен едім.
Басымды июді үйреттің,
Тәкаппар өктем едім...
Сәлем достар! Сіздермен бірге мен — АКА, бүгінгі ән шерумен таныс болғыларыңыз келсе, музыкалық толқынымызға жақын отырамыз. Ал, онда бастадық.

Ескерту: мұнда тек жаңа әндер таныстырылып, назарға ұсынылады.
1. Ән шеруімізді жаңа бейнебаянымен Жанболат пен Жазира бастайды, «Сен маған сүюдің үйреттің» әні.

2. Әдемі махаббат әнін тыңдап болсақ, онда тағы бір жаңа бейнебаянмен таныс болайық. Ғалымжан Жолдасбай өзінің «Көк жөтел» әнімен.

3. Келесі ән жас та болса талантты жігіт — Болат Батырбаевтың орындауындағы тамаша "Әссаләму алейкум" әні. Сөзін жазған: Алмас Темірбай, әнін жазған: Қанат Қалтай.
4. Ендігі тыңдайтын әндеріңіз сіздерге үлкен ой салар деген ойдамын. «Меломен» тобы — «Перзент арманы» әнімен.

5. Астанамыздың туған күніне арналған әсем ән — «Арман қала — Астана», жұлдыздар тобының орындауында.

6. «Арай» тобының орындауындағы жаңа ән — "Өзің ғана", тыңдаймыз.

7. «Музарт» тобының құрамында өнер көрсеткен Мақсат Базарбаев тыңдармандарын өзінің жаңа бейнебаянымен қуантты. «Сен сүйген ару» әніне түсірілген әдемі бейнебаянды назарларыңызға ұсынамын.

8. «Капкарашка» лақап атымен ел арасында танымал болып кеткен әнші жігіт — Нұржан Керменбаевтың орындауында "Әке арманы" әні.

9. «Меломен» тобының орындауында тағы бір әсем ән — «Аңса жаным». Тыңдаймыз, билейміз.

10. Ән шеруімізді тағы бір жаңа бейнебаян, әнші қыз Әлия Әбікенованың орындауындағы "Өмірге сауал" әні аяқтайды.

Осымен ән шеруіміз тәмам, назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет. Келесіде жүздескенше, достар!
Пы.Сы. Тағы да ескерту: әндер жеке көзқарас бойынша таңдалған, сіздің де ұсынар әндеріңіз болса мәрхабат. Айтпақшы, әндердің mp3 нұсқасын kazmusic.kz сайтынан жүктеуге болады. Рахмет!
15 пікір
дәл дәл!