GANGNAM STYLE дәуірі бітті ме?

TOP 10 /
Сәлем әлем! Бүгінгі тақырып баршамызда толғандырып жатырған Гангнам Стайл хиті, анығырақ айтқанда сол клипке Қазақстандық пародиялары жайлы болмақ! Бәріміз білеміз жаздың ортасында PSY Gangnam Style атты бейнеклибін шығарған болатын. Бір ай өтер өтпеспен бүкіл әлем көре бастады. Youtube сервисинен миллиондаған адам тамашалап жаңа рекордтар қойыла бастады. Бірақ миллиард жайлы көп адам ойламаған еді! Бар жоға 6 ай өткеннен кейін Джастин Бибердің өкінішіне орай PSY бірінші орынға атып шығып өзінің миллард көрерменін жинап алды! Күніге әр жақтан ести беріп шаршай бастадық. Тіптім қыздарға «Эээээй Секси Лэди!» деп қырындап та жатты. Бірақ басталған нәрсе бітеді ғой. Мойындау керек шаршадық бұдан. Бұл миллиардтан басқа миллиондап жинап жатқан пародиалары да бар! Көбінесе өзінің атағын шығару үшін жасап жатқан болу керек. Соның ішінде біздің қазақстандықтар да ерекшеленбеді.



Сонымен біздікілер қалай жасаған екен? Көрейік! Әр видеоға 10 балдық шкаламен бағалап отырамын.


1) Қазақстанда атақты Ерболат Құдайберген, Жанған стайл атты туындысымен!



«Оттай Жанған Style» — өзінің ерекшелігі әрине қазақ тілінде болғандықтан!) Енді Секси Леди демей, «Ээээээй, Секси бикеш!» деп қойып тиісіп жүреміз)
Бағам 8/10, Жарайсың Ерболат!)

2) PSYқ — Қаражорға Style



PSYқ-ті бұған дейін естімеппін. Бірақ жасаған продакшн Әнуар Нұрпейісовтың Tip Top-і екені мәлім) Ең басты минусы кеш шыққаны және орыс тілде болғаны. Ертерек шыққанда мүмкін миллион адам көрер ме еді, кім біледі. Бірақ қазақтар кешікпесе болмайды ғой) Толық қарағанда клип жаман емес және Қара Жорға биін жарнамалағанына рахмет!)
Берер бағам 9/10!

3) PSY — Gangnam style kazakh parody (Атырау)



Атыраулық жас бала өзінің өнерін көрсетті! Кадрин Джексон, өзін солай атайтын болу керек, өте жақсы биші екен! PSY дің өзінен қалыспай билейді екен! Атыраудың әдемі, әдемі қыздарын да жақсы таңдап алыпты!) Ютубта 100000 нан астап көрсетілім жинап алыпты! Жарайсың Кадрин! Өнеріңді тағы да көрерміз!
Ал берер бағам 8/10. Себебі ән толығымен өзгертілмеген! Қалғаның бәрі керемет!

4) Жезқазған КТЛ-і



Пародия әрине тама емес. Бірақ Ютубта 22000-ға жуық көрсетілім жинап алды. Барлық мектептер Псайға пародия түсірген десе таң қалмаймын. Бірақ арасынан шыққын міне осылар.
Бағам 6/10.

5) Оппа Апорт стайл



Міне апорт стайл) Көрер алдында Сауда орталығы Апорт екен деп қалсам, сусындар компаниясы екен! Би, монтаж және ән де жоғарғы деңгейде дейін десем, өтірік болып қалады ғой) Жарнамалық ролик десек дұрыс болар, одан артық емес. Толық айтқанда ұнамады, бұдан да жақсы түсіруге болар еді, немесе түсірмей ақ қою керек еді)
Қояр бағам толық 4 яғни 4/10.

Әзірге осы достар! Басқа да пародиялар толып жатыр, оларды Ютубтан көрсеңіздер болады.

Ал біз ар апта сайын казнеттегі топ видеолар жайлы тақырып шығарып тұрамыз! Бағалаңыздар және пікір қалдырыңыздар!

Біз жайлы толық ақпарап мына жерде:

1) vbloggers.kz

2) vk.com/vbloggers

3) twitter.com/vbloggers

4) fb.com/vbloggers

P.S. Gangnam Style қыздарға жарасады ;)

6 пікір

akil_kalta01
Оппа не деген әділдік!:)Бағалары әділ қойылған. Бірақ осындай «есерсоқтықпен» біршама адамның көңілінен шыққанына таң қаламын шынымды айтсам. Бірақ үйде ешкім жоқ кезде өзім де «Оппа Оппа...» деп билеп алған кездерім болған. :)
Al1sher
)) Бізде де сол ғой))
AL-ASTER
Жақсы шолу, алдағы уақытта да посттарыңыз жалғасын таба берсін дегеннен басқа айтар жоқ, амиго.
didi0393
PSY ga koreyanyn enbek sinirgen halyk artisi degen atak berildi me eken a? Magan naid klip te ande)))
dana98
АЙТЕУИР СТАЙЛДАР КОБЕЙИП КЕТТИ ГОЙ(((((((((((
yfriend
Өләәә шымкент стайлллл))))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.